Шексіз бұралаңға толы өмір жолыңда талай адамдармен бетпе-бет кезігетінің рас. Ал денсаулығымыз сыр беріп қалар болса, мамандықтың асылы саналатын ақ халатты абзал жандардың көмегіне жүгінетініміз белгілі.

Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үзілген үміттер жалғанады. Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, жанына – дауа, тәніне – шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құштарлығын арттырып, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалайтын абзал жандарды «нағыз ержүректердің» қатарына қоссақ, артық емес.
Халқымыз қашаннан: «Бірінші байлық – денсаулық», – деп денсаулықты дүниедегі байлық атаулының барлығынан жоғары қойса, Ата заңымызда: «Мемлекеттің ең басты қазынасы – халық және оның денсаулығы», – деп айқын көрсетілген. Азаматтардың рухани дүниесі мен денінің саулығы – мемлекетіміздің басымдық беріп отырған маңызды міндеттерінің бірі. Дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруді мақсат еткен елімізді дамытуға қабілетті бола алатыны ақиқат. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында туындаған міндеттерді жүзеге асыру бағытында туған жеріміз Шолақсайға жас мамандарды тарту үшін сонау шырайлы Шымкент шаһарынан жоғары білімді жас дәрігер – Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының тумасы – Избасарова Жазира Нұрғалиқызы шақырылды.
Жазира Нұрғалиқызы 1999 жылы отбасымен Шымкент қаласында тұрған. Лицей мектебін тәмәмдап, әрі қарай жалпы тәжірибелік мамандығы бойынша Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінде білім алып, 2021 жылы жалпы тәжірибелік дәрігер сертификатын алды. Үстіміздегі жылдың тамыз айынан Шолақсай ауылында жалпы тәжірибелік дәрігер болып жұмыс істеп келеді. Жұмыс бір жүйеге қосылған, бас дәрігер Сатмағанбетова Гүлжихан Бөлекбайқызының қадағалауында дәрі-дәрмек, шаруалық заттар толығымен қамтамасыз етіліп тұрады. Жұмыс әрине оңай емес, бірақ бар ынтамен келген науқастарға ем-шаралар жүргізіп жатыр. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты үйге шақыртушылар көбейген. Бұл күндері денсаулық сақтау саласында пандемияға байлынысты жұмыстың нағыз қызып тұрған шағы. Білікті дәрігер ретінде жемісті еңбек ету қай жерде болса да абыройлы еңбекті қажет ететіні шындық. Жас маман Жазира Нұрғалиқызы бізбен әңгімесінде:
– «Дені сау адам – қоғам байлығы» деген халқымызда дана сөз бар. Сол байлығымызды сақтауға, сапасы мен санын арттыруға, халқымыздың дені сау, ойы сергек болып қалыптасуына үлес қосу – басты мақсатым. Әрдайым адамзат баласы тағдырын сеніп тапсыратын мамандықты абыроймен атқарып, халық сеніміне ие болып жүру мен үшін үлкен жүк. Ел мүддесі жолындағы қиындығы мен қуанышы мол еңбекте табысты болу да парыз. Қостанай жеріне келіп, ат басын тірегенде Науырзым аудандық аурухананың бас дәрігері Сатмағамбетова Гүлжиһан Бөлекбайқызы ақ жарқын көңілмен қарсы алып, осы Шолақсай жеріне жіберді. Шолақсай жерінде түсінігі мол басшы Ихтиляпов Мади Өмірзақұлы қазіргі заманға сай жабдықталған үй беріп, қамқорлығына алды. Міне, осындай жақсы жандардың арқасында жұмысқа да орналасып, үйренісіп те кеттім. Дәрігер деген – кең ұғым, қастерлі мамандық. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін осынау маңызды салаға адал қызмет жасасам деген ойым бар, – дейді.
Сондай-ақ артынша сөзін жалғап: «Қазір Шолақсай халқы да коронавирус инфекциясына қарсы жаппай екпе алып жатыр. Бұл өте дұрыс шешім. Өйткені коронавирус инфекциясынан сақтанудың бірден-бір сенімді әрі тиімді жолы – вакцинация. Сондықтан дені сау және қарсы көрсетілімдері жоқ 18 бен 65 жас аралығындағы азаматтардың коронавирус инфекциясына қарсы екпе алғаны абзал. Халықаралық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп танығаннан кейін COVID-19 вакциналарын алған әр Шолақсайлық өз өмірін қорғайды деп ойлаймын. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал бойынша Қостанай облысы «қызыл» аймақта тұр. Коронавирус ауруын азайтуға мүмкіндік беретін ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін шолақсайлықтардың кем дегенде 70 пайызы вакцинациялаудан өтуі қажет. Сол үшін коронавирусқа қарсы вакцинаны, ең алдымен, халықпен жиі араласатын қауіп тобындағы адамдар: медицина саласы мамандары мен полиция қызметкерлері және мұғалімдер салдырып, ауыл тұрғындары арасында да вакцинация жүріп жатырғандығы жанымызға қуаныш ұялатады. Шолақсай халқы жаппай вакцина алса, пандемиядан қалыпқа келу процесін жеңілдетуге мүмкіндік берері сөзсіз», – деді дәрігер.
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлжиһан Сатмағамбетова бастаған топ ауылдардағы эпидемиологиялық ахуалды бақылап және вакцинациялау жұмыстары жөнінде кезекті рейдін апта сайын өткізіп отыр. Вакцина алудың тиімділігі жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын да жүргізіп келеміз.
«Егер дәрігер науқас адаммен әңгімелескен соң, ол кісі өз бойынан жеңілдікті сезбесе, ол – дәрігер емес», – деп ой білгірі Вехтеров айтқандай, жанды емдемей, тәнді емдей алмайтынын білген дәрігер – ең құдіретті дәрігер. Міне, сондай ақ халатты денсаулық саласының мамандары Шолақсай ауруханасында да бар екен. Зейнеткер болса да өз кәсібін жақсы меңгерген Қойшина Жамал апай ауылға осы жұмысқа кіргеннен бері ақылын айтып, көмегін көрсетіп отыр. Ал Майраш Каримовна еңбек пен тәжірибе үстінде пісіп-қайнап, жетіліп жүрген жас маман. Қазір ол осы Шолақсай ауруханасының жетекші мамандарының бірі. «Дәрігердің үш қаруы бар: бірі – пышақ, екіншісі – шөп, үшіншісі – сөз», – деген шығыстың ұлы ғұламасы Әбу Ғали ибн Сина бабамыз айтқандай, өз мамандығының шебері, халық денсаулығының қорғаушысы халық сенімінен шыға білетін шолақсайлық дәрігерлер қатарын толықтырғаныма өте қуаныштымын», – деді Жазира Нұрғалиқызы ағынан жарылып.
Әлбетте тәуелсіз еліміздің іргесі берік, мерейі үстем болып, халқымыздың дені сау, ұрпағымыз қажыр-қайратты болып, өмірімізді сақтайық десек, екпе алайық ағайын. Ал дәрігер жандардың еңбегі қашан да үстем болары сөзсіз. Ендеше, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздейік. Сонау шырайлы Шымкенттен келген Жазира Нұрғалиқызының еңбегі жемісті болсын дейміз.
Аслан БАЙДУЛЕТОВ,
Шолақсай ОМ мұғалімі,
Науырзым ауданы
«Адал азамат» бағдарламасы: балабақшадағы тәлім-тәрбие
Тарих пен тағылым тоғысқан күн
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».