Әнуар Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің ашылғанына биыл 20 жыл. Мектеп жылдан-жылға дамып, жетіліп, бүгінгі күні заманауи, іргелі білім ордаларының біріне айналды.

Әнуар Боранбаев мектебінің атымен қоса айтылатын тұлға бар. Ол әрине, мектептің алғашқы директоры – Әбілқайым Сүлейменов (фотода). Бұған дейін ол кісі Құмкешу ауылындағы ВЛКСМ атындағы орта мектебінде, Қабырға ауылындағы Н.Крупская атындағы орта мектебінде және аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин мектептерінде мектеп директоры болып бірнеше жыл қызмет атқарып, тер төккен, ізденімпаз, білікті басшы болды. Ол кісі жаңалыққа жаны құмар, талғампаз ұстаз еді. Өзі басшы болған мектептері әр салада алдыңғы қатардан көрінді және мектеп басқару саласын ұйымдастыру тәжірибелері аудан мектептеріне таратылып отырды.
Ұстаз жайлы сөз қозғағанда санамызда сайрап тұрар өлеңнің «Қалдырған ізің мәңгілік» деген жолдары Әбілқайым Сүлейменовке арналып айтылғандай. Ол кісінің бейнесінің өзі абайлап қараған адамға үлкен болашақты нұсқап тұрғандай. Өн бойына адамгершілік, адалдық, төзімділік, кішілік пен кісілікті сыйдырған сирек кездесетін тұлға еді. 1980-1990 жылдарында мектеп жұмыстарына көптеген жаңалықтар енгізілді. Сабақты техникалық құралдарды пайдаланып өткізу, кабинеттік жүйеде сабақ оқыту, мұғалімдерді қайта даярлықтан өткізіп отыру, аттестациялау жаңа ережесін басшылыққа алу соның алдыңғы қатарында.
Әбілқайым Сүлейменұлы әрбір ұстаздың еңбегін өте әділ, жан-жақты бағалайтын. Осындай қарапайым талғамды, ізденімпаз басшылықтың арқасында көптеген ұстаздардың еңбегі жанды, бағаланды. 2000 жылдан бастап Әбілқайым Сүлейменұлы Әнуар Боранбаев атындағы мектепте директорлық қызмет атқарды. Қай кезде болса да тәртіп өте мықты, жұмыстың барлығы жоспарлы түрде жүргізілетін. Өмірінің соңғы жылдарында Ә.Боранбаев мектебінің директоры қызметін атқарған ол, аталмыш мектептің қабырғасын қалап, шаңырағын көтеруге ат салысқанын айтып өтсек ләзім.

Сол жылдары мектеп атына лайық іргелі білім ордаларының бірі болды. Бүгінде аталған мектепке 20 жыл толып отыр. Мектепке қарасақ, Әбілқайым Сүлейменовтың жарқын бейнесі көз алдымызға келеді. Ия, төккен тер еленбей кетпейді, бірақ бұл кісі атақ, абырой үшін еңбектенген жоқ, бар өмірін білім саласына арнады. Үлкен жетістіктерге жетті, халық көтеруінің арқасында абырой-беделге ие болды. Бұл – ұстаздың еңбегінің нәтижесі деп сеніммен айтамыз.
Дана ӘБІЛҚАЙЫМҚЫЗЫ,
Әнуар Боранбаев ОМ
«Тарих тағылымы»
үйірмесінің жетекшісі,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.