Жылдың үздік ұстазы атанды

Выпуск - №1-2 (448-449)   :   22.01.2021
250

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 29 жыл толды. Осы аз уақыт аралығында еліміз әр салада көптеген жетістіктерге жеткені бәрімізге мәлім. Солардың ішіндегі ең маңыздысы ғылым мен білім саласы.

«Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығымен «Жылдың үздік ұстазы-2020» атты республикалық байқау ұйымдастырылды. Байқауға республикамыздың түпкір-түкпірінің білім беру ұйымдарынан жалпы 400-ге жуық жұмыс келіп түскен. Жұмыстардың ішінен талапқа сай 182 жұмыс таңдап алынып, материалдар жинағына еліміздің білім саласының дамуына үлес қосып жүрген үздік педагогтердің автобиографиялары жинақталған. Аталмыш байқауға Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық коледжі Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі, Алғашқы әскери дайындық оқытушысы, «жас маман» Оразов Ниязбек Рамазанұлы қатысып, байқаудың материалдар жинағына енді.
«Жылдың үздік ұстазы-2020» байқауы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы білім саласына байланысты бағыттарын білім беру ұйымдарының педагогтері арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен-тін.



Нәтижесінде Ниязбек Рамазанұлы «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығынан республикалық байқауға қатысып, жеңімпаз атанғаны үшін І дәрежелі дипломмен және Білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Жылдың үздік ұстазы-2020» атты төсбелгімен марапатталып, оны растайтын куәлікке де ие болды. Сонымен қатар колледж басшысына Алғыс хат табысталды. Оқытушымызды жетістігімен құттықтай отырып, білім жолында жетер жетістіктері көп болсын деп тілейміз.


Асемгүл СЕЙДАКМЕТОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің қызметкері,
Арқалық қаласы

 

Реклама

Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!