Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл қазына – қолөнер бұйымдарының әр өрнегі мен түйінінде өзіндік сыр бар. Осы оймен бізбен әңгімесінде ұлттық нақыштағы бұйымдар арқылы қазақилықты сақтап, өнердің жаны мен жүрегін біріктірген жас шебер Ақерке АХАНОВА бөлісті. Сұхбат барысында кейіпкеріміздің алғашқы туындыларынан бастап кәсіби жолға қалай қадам басқаны, махаббат пен шығармашылықтың байланысы, ұлттық қолөнердің мәні мен философиясы жайлы сөз қозғадық.
– Ақерке, өнер жолына қалай келдіңіз?
– Қолөнерге деген ықыласым мектеп қабырғасынан басталды. Сонда сурет, еңбек және сызу сабақтарында уақыттың қалай өткенін байқамайтынмын. Түрлі-түсті қарындаш пен қағазды қолыма алсам, арман мен қиялға толы сезімдерімді қағаз бетіне түсіруге асығатынмын. Сол кездері достарыма достығымның белгісі ретінде қолмен бейнеленген суреттер, түймелер мен жіптерден тоқылған бұйымдарды сыйлайтынмын. Осы бір кішкентай әрекеттер – өнер әлеміндегі алғашқы қадамдарым болды.
– Алғашқы туындыларыңызды қалай жасай бастадыңыз?
– Жоғары оқу орнын бітіріп жүрген шағымда қолөнерге деген қызығушылығым жаңа белеске көтерілді. Алғашқы туындыларым – жіптен тоқылған бас киімдер, орындық пен табақ астына арналған кілемшелер – бәрін өз бетімше үйреніп, тәжірибе жасай отырып жүзеге асырдым. Жұмыстарымды жақындарыма сыйға тартқанымда олардың айтқан жылы лебіздері мен шынайы қуанышы менің шығармашылыққа деген сенімімді нығайтты.
– Сол бір қызығушылығыңыз шынайы махаббатқа айналған сәт қандай еді?
– Шығармашылық жолымдағы нағыз серпін 2017 жылы жолдасыммен кездескен сәтте келді. Сонда жұптық білезік тоқуды қолға алдым. Арнайы фурнитура дүкенінен материалдар мен қажетті керек-жарақтарды сатып алып, YouTube-тен бейнесабақтар қарап, алғашқы қадамдарымды жасадым. Бір сағат бойы жіпті дұрыс өре алмай әуре болғаным есімде – әр айналым сайын білезіктің босап кетуіне шыдам таппай, қайта-қайта талпынып, ерекшелігін толық меңгерген соң алғашқы жұптық білезігімді соңына дейін тоқып шықтым. Біреуін өзіме, біреуін жолдасыма тағып, «махаббатымды өрнекке айналдырдым». Сол сәттен бастап қолөнер мен үшін тек хобби емес, ұлттық мәдениетке апаратын жолға айналды. Артынша, 2018-2022 жылдар аралығында табиғи тастан жасалған білезіктер мен тасбихтар, кішкентай сәбилерге арналған түйреуіштер жасауды үйрендім. Әр жаңа техника мен әр жаңа материал шығармашылығымды байытып, өзіме деген сенімділігімді арттырды деп айта аламын.
– Ұлттық қолөнердің сіз үшін мәні неде және бұл жолды таңдауыңызға не әсер етті?
– Ең алғашқы қазақы нақыштағы әшекейлерім – сырға мен алқаны өзім үшін жасағанмын. Бұл 2023 жылдың соңы болатын. Ал 2024 жылдың маусым айында әшекей жасаумен кәсіби түрде айналыса бастадым. Алғаш рет «Атамекен» ҰКП ұйымдастыруымен өткізілген облыстық «Бір ауыл – бір өнім» жәрмеңкесіне қатыстым. Бұл – менің алғашқы жәрмеңкем еді. Содан біраз жәрмеңкеге қатыстым, екі рет шеберлік сағаттарын өткіздім. Әрбір жаңа тәжірибем – жан-жақты пікір алып, өнерімді жетілдіру жолындағы маңызды қадам болды.
– Жақында Астанада өткен көрмеге қатысып келдіңіз. Сол сапардан алған әсеріңізбен бөліссеңіз.
– Иә, маусымның 27-28 күндері Астана қаласы Мәдениет басқармасы мен «Жастар театры» ұйымдастырған республикалық көрмеге қатыстым. Осы іс-шара ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ермек Аманшаевтың «Қыр астындағы сол бір ғажайып әлем» әфсанасының желісімен қойылған «1001 түн» спектаклінің премьерасы аясында өткізілді. Өз жұмыстарымды жіберіп, іріктеуден өтіп, арнайы шақырту алдым. Негізінен суретшілер өз туындаларын ұсынған еді. Арада екі қолөнерші ғана болдық. Жалпы, көрме мен спектакльге қызым екеуміз қатысып, ерекше әсер алдық. Спектакльдің қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Нұрқанат Жақыпбай. Сөз орайы келіп тұрғанда «Жастар театрының» ұжымы мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіргім келеді. Бұл мүмкіндік өнеріме қанат бітірді.
– Өзіңіздің өнер философияңызды қалай сипаттар едіңіз?
– Мен үшін әрбір бұйым – ұлт рухының алтын көпірі. Оны кешегі мен бүгіннің арасын жалғайтын нәзік байланыс деп білемін. Қазақ қолөнері – бабалар үміті мен бүгінгі күннің жадысы, салт-дәстүріміз бен заманауи талғамды ұштастыратын керуен іспеттес. Осы өнер арқылы мен өткеннің асқақ тарихын және болашаққа деген жарқын ойымды бейнелеймін.
– Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?
– Алдағы уақытта білімімді әрмен қарай жетілдіріп, оқу орталықтарында шебер-сыныптар өткізіп, жас өнерпаздарға ұлттық қолөнердің философиясын түсіндіруді жоспарлап отырмын. Өйткені білікті ұстаз бен оның шәкірті – өнер дәстүрін жандандырған қанатты ұжым болса керек. Келешекте шәкірттерімнің арасында талай-талай керемет туынды дүниеге келетінінен үміттімін.
– Алтын уақытыңызды бөліп, өнеріңіз туралы әңгімелеп бергеніңіз үшін көп рақмет! Сұхбатымыздың соңында айтар ойыңыз немесе тілегіңіз болса, мархабат.
– Ұлттық қолөнер – рухани қазынамыз. Сондықтан әр қазақ азаматы осы мұраны сақтай білуге, дамытып, келер ұрпаққа қалдыруға жауапты деп ойлаймын. Мен де өз өнерім арқылы еліміздің мәртебесін асқақтатып, қазақтың асқақ рухын әлемге паш етуге бар күш-жігерімді саламын. Әр өрнек, әр түйін – жүрегімнің үні, елдігіміздің айқын белгісі.
Сұхбаттасқан: Жамал ШАУКЕН
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.
«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.