Ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы педагог, мемлекет қайраткері, ақын, тіл және әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, аудармашы, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр.
.jpeg)
Қостанай ауданына қарасты Айсары жалпы білім беретін мектебінде тағылымы терең, мазмұнды да қызықты кештер жиі өтіп тұрады. Жақында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұратын жан-жақты тану, зерттеу және зерделеу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен апталық болып өтті. Апталықтың ашылуы мұғалімдер арасында Ахмет Байтұрсынұлы туралы ғылыми конференциядан басталды. Онда ақынның өмір жолы және шығармашылығынан біраз мәліметтер берілді.
Мектебіміздің 2-4 сынып оқушылары арасында «Ахмет өлеңдерін көркем жазу» байқауы өтті. Таза, сауатты әрі көркем жазғандар Карина Гольм, Темирлан Шингисхан, Нұрай Аманжол, Даяна Жаппасова, Каусар Кошанова, Анастасия Литвиненко, Мишель Трептау болды. Ал 5-сынып оқушылары арасында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» атты ақын шығармаларын жатқа айту байқауы ұйымдастырылды. Байқауда Алтын Сәт, Дильназ Таңатқан, Дильназ Жусипбек, Айсара Қалмағанбет, Гулназ Тулемисова, Кәмила Ибраш, Гулимжан Мусаева, Диана Фазыл, Дария Төремұрат ақынның өлеңдері мен мысалдарын тебірене, нақышына келтіріп жатқа айтты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, жоғары санатты, педагог-зерттеуші, ұлағатты ұстаз, білікті мамандар Айнұр Қайнарбаева 7 «Б» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен М.Жұмабаев «Батыр Баян», Панияз Нұржан 6 «Б» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен «Сумен байланысты аңыз-әңгімелер», мен 6 «А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Мамандықтың бәрі жақсы», Айгүл Сарбаева 5 «А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Қазақстанның рәміздері», Гүлбағдат Досжанова 4 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Ғажайып қыс» тақырыбындағы ашық сабақтарымызды жоғары дәрежеде өткіздік. Сабақ оқушылардың ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытып, жан-жақты дайындықтарын байқатты.

Мектебіміздің 5-6 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылған «Көңілді тапқырлар» танымдық ойын-сайысы қызықты әрі көңілді өткенін атап өтсек ләзім. Одан бөлек оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлы туралы «Ахмет – ұлт ұстазы» атты деректі фильм көрсетіліп, артынша олар кинодан алған әсерлерімен бөлісті. Ал 7-11 сынып оқушыларының арасында «Қазақ үшін қасиетті есім» тақырыбындағы А.Байтұрсынұлына арналған эссе байқауында Әлия Пішенбай, Дариға Дүйсекина және Гүлназ Мусаева ойларын керемет жеткізе білді. 5-11 сынып оқушылары арасында А.Байтұрсынұлының өлеңдерін суреттеуге бағытталған «Суретші көзімен...» сайысында Айсара Қалмағанбет, Гүлназ Тулемисова, Әлия Пішенбай, Анастасия Литвиненко, Валерия Ивконың жұмыстары көрермендерді таңғалдырды.
«Ахмет Байтұрсынов – тіл білімі мен әдебиеттанудың реформаторы» атты 8-11 сыныптар арасында кең көлемде өткен ғылыми конференция да тартымды болды. Мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Мейрамкүл Көшек үнемі кітаптар арқылы насихат жүргізіп, ақын-жазушылар, мереке, атаулы күндер жайында кітаптар көрмесін ұйымдастырып, тәрбие жұмыстарын жиі өткізіп тұрады. М.Базарқызы оқушылардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, отаншылдығын, адамгершілігін, халқымыздың қилы тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдени мұраларын түсіне білуіне басты назар аударады. А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай тақырыптық сөре ұйымдастырып, оқушыларға ақын жайлы мағлұмат берді.
Апталықтың қорытындысы дөңгелек үстелгемен жалғасты. Апталыққа белсенді ат салысқан оқушыларға сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды. Ал апталықты ұйымдастырған тіл мамандары мен оқушыларға мектеп директоры Қабылан Рағат пен мектеп әкімшілігі алғыс білдірді.
Дариға БЕРСҮГІРОВА,
Айсары ЖББМ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.