С.Көбеев атындағы ЖББ мектебінде «Сапалы сабақ – мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру мен дамытудың негізгі көрсеткіші ретінде» тақырыбында «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер әдістемелік бірлестік онкүндігі» апталығы өтті.
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер онкүндігі бірлестік жетекшісі Молдашова Әсел Төленияқызының ұйымдастыруымен мектеп дәлізін әсем безендіруден басталды. Пән мұғалімдері өз пәндері бойынша қызықты тапсырмалары бар, сабақта қолданып жүрген ерекше көрнекіліктерін мұғалімдермен тәжірибе алмасу мақсатында бұрыш етіп жасап қойды. Сонымен қатар, ЖМБ пәндерінің соңғы 2 жылдағы жеткен жетістіктерінен кино-лента түрінде дәлізге безендіру жасалып, қойылды.
Пән мұғалімдері жоғарыдағы кестеге сай ашық сабақтары мен сыныптан тыс іс-шараларын жоспарлы түрде өткізіп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мектептің Instagram парақшасына күнделікті жариялап отырды. Онкүндіктің бірінші күнінде іс-шараның салтанатты ашылуы өтіп, сабаққа дейінгі уақытта мұғалімдермен «Кім мерген?», «Ұясын тап» ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, оларға жақсы көңіл-күй сыйлай білді. Сабақтарға тәжірибе алмасу мақсатында жас мамандар, пән мұғалімдері, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып, мұғалімнің өз сабағын талдауын тыңдап, ұсыныстарын айтты.
Әр сабақ бағдарламаға сай ұйымдастырылған, жаңаша оқыту негізінде, оқу технологияларымен әдіс-тәсілдері жақсы таңдалып, ұйымдастырылған. Ашық сабақтарда оқушылардың теорияларды меңгеруде, ой-пікірлерін еркін жеткізе алуда, қөзқарастарын білдіртуге бағытталған жұмыстар жүйелі екендігі байқалды. Ашық сабақтарға қатысқан оқытушылар оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын байқатқаны, мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін, сабақты жүргізудегі қолданылған әдістердің нәтижелілігі жайлы пікір алмасып, оң бағаларын берді.
Сыныптан тыс іс-шараларды мұғалімдер бірлесе оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырып, белсенді атсалысқан сыныптарды мадақтап, тәтті сыйлықтарын беріп отырды. Математика пәнінің мұғалімі А.Молдашева мен информатика пәнінің мұғалімі Г.Ауезханова «Қызықты қоңырау» атты әр буынға логикалық сұрақтары бар тапсырмалар мен бастауыш 1–4-сыныптардың қимыл-қозғалысын ескере отырып, «Х және У» ойынын дәлізде ұйымдастырып, жеңген оқушыларды тәттімен мадақтады.
География пәнінің мұғалімі С.Жумабаева мен биология пәнінің мұғалімі А.Бигельдина және математика пәнінің мұғалімі А.Қойшығұлова 7–11-сыныптар аралығында достықты насихаттаған «DOSBOLLIKE» акциясын ұйымдастырып, оқушылардың қызығушылығын оята білді. Әр сынып өз идеяларымен, жаңашылдық танытып, әртүрлі формада акцияны түрлендіре алды. Мәселен, 8 «А» сынып оқушылары үлкен қоңырауда қолдарынан ұстап, жақсы әуенмен мектепті бір айналып өткен болса, 9 «А» сыныбы достық туралы «Мақал айт та, тәтті ал» деген плакатпен дәліздегі оқушылармен үзілісті жандандырды.
7 «А» сыныбы ерекше көзге түсу мақсатында достықты мұғалімдерге жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында мұғалімдердің жақсы қасиеттерін айқындап, жақсы эмоция сыйлай алды. Сонымен қатар, 6 «В», 10 «А», 10 «Б» сыныбының оқушылары плакаттан жүрек суреті бар фото зонамен оқушылармен, жақсы көретін ұстаздарымен фотоға да түсті. Аталмыш акция оқушылармен ғана шектеліп қалмады, мектебіміздің шығармашыл мұғалімдерінен құралған кәсіподақ мүшелерінің ұйымдастыруымен өздерінің жақсы эмоцияларымен тізбектесіп, фото, видео түсіріп, мектептің Instagram парақшасына жүктеді. Бұл акцияның тәрбиелік мәні зор болғандықтан, бәріне де қызықты болды деп ойлаймын.
«Формирование естественнонаучной функциональной грамотности как одно из средств повышения качества знаний обучающихся» тақырыбында мектебіміздің география пәнінің мұғалімі Д.Конурбаева мұғалімдермен креативті тапсырмалар беру арқылы коучты жоғары деңгейде өткізді. Осы бірлестіктің бірлесе атқарған жұмысының арқасында аудандық ЖМБ «Әдістемелік бірлестігі» арасында өткен сайыста 2-орынға ие болды.
Тулеухан ДЮСЕКОВА,
С.Көбеев атындағы
ЖББМ бастауыш
сынып мұғалімі,
Қостанай ауданы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.