Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін соған жағдай жасау қажет. Ал оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

Көбінесе «дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Өткен оқу жылының соңғы күндері Дакучай жалпы білім беретін мектебі талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау мақсатында республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өткізді. Сол байқауға 2-сынып оқушылары Елдос Мергенбай мен Аяулым Мирамханды топтық жұмыс ретінде қатыстырдым. Жоба тақырыбы: «Қарапайым лавр жапырағының адам өміріне пайдасы». Аталған жұмыс арқылы лавр жапырағын зерттей отырып, адам ағзасына тигізетін емдік қасиеттерін анықтау және насихаттау көзделді.
Оқушыларымның дарындылығының, ыждағаттылықтарының арқасында, үлкен ізденіс пен жауапкершілікті алға тарта отырып дайындықтары өте жоғары деңгейде болды. Соның нәтижесінде өздерінің алға қойған мақсаттарына толық жете отырып жүлделі бірінші орынға ие болып, сыныбымыздың мақтаныштары атанды. Алдағы оқу жылында зертеуімізді әрі қарай жалғастыра отырып облыстық зерттеуге жолдама алдық. Ендігі мақсатымыз – сыныптас достарымыздың үмітін ақтай отырып осы байқауда одан да жоғары деңгейде бағымызды сынауға тырысамыз.
Жас жеткіншектердің арасынан ерекше қабілетті балалар таңдап алу,олармен тікелей жұмыс жүргізу – аталған мәселелердің бір шешімі табылады. Дарын – адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет, бала бойындағы алғырлық пен зеректік.
Рагүл ТОҚАЕВА,
Дәмді ЖББМ бастауыш
сыныптар мұғалімі,
Науырзым ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.