Білім күнінің «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» атты ортақ тақырыбы аясында төртінші сыныпта «Таза Қазақстан: менің құқығым мен жауапкершілігім» атты тәрбие сағатын өткіздім.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға Конституцияда бекітілген құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, қоршаған ортаға қамқор болу мен тазалықты сақтаудың маңызы кеңінен айтылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, «Таза Қазақстанды» қалыптастыруға әр азаматтың өзіндік үлесі бар екенін түсінді.
Сабақ барысында балалар тазалықтың тек айналаны таза ұстаумен шектелмейтінін, оның адамның мәдениеті мен жауапкершілігінен көрінетінін ұғынды. Табиғатты аялау, суды үнемдеу, қоқысты белгіленбеген жерге тастамау, мектеп пен аула тазалығын сақтау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі туған елдің болашағына қосылған маңызды үлес екені айтылды.
Тәрбиелік сағат оқушылардың бойында табиғатқа жанашырлық, туған жерге сүйіспеншілік, жауапкершілік, ұқыптылық және азаматтық сана қалыптастыруға бағытталды. Бастысы, балалар әрбір адамның құқықтарымен қатар қоғам мен қоршаған орта алдында жауапкершілігінің де бар екенін түсінді.
Тәрбие сағаты арқылы жастардың таза Қазақстанды қалыптастыру әрқайсымыздың өзімізден басталатынын түсінгені хақ. Расында да, қандай үлкен өзгеріс болмасын күнделікті жасалатын қарапайым әрекеттерден басталады. Бүгінгі кішкентай игі іс – ертеңгі үлкен нәтижеге бастар қадам екені анық.
Осылайша жас ұрпақтың бойында елжандылық, жауапкершілік пен экологиялық мәдениет құндылықтарын сіңіріп, туған жеріне деген жанашырлығын қалыптастыру – маңызды міндет. Тазалықты сақтау мен табиғатты қорғау мәдениеті бала кезден қалыптасса, оның игілігі тұтас қоғамға әсер ететіні сөзсіз.
Нургуль КАТЕШОВА,
Жанар САДУОВА,
А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы
бастауыш сынып, мұғалімдері,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.