Бүгінде әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе: балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын ерекше білім беру.
.jpeg)
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында ерекше, яғни инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мәселесі жан-жақты қарастырылған. Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Ал инклюзивті оқыту дегеніміз – даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және білім беру үдерістерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі. Осы салада біздің мектебімізде де білім беруде ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған «жеке оқу жоспарын жоспарлау және құру» оқыту семинары өтті.
.jpeg)
Аталмыш семинардың басты мақсаттарына тоқталсақ, олар: ерекше білім беру қажеттілігін түсіндіру, арнайы білім қажеттілігі бар балаларды анықтау, ЕБҚ балаларымен жұмыс жүйесі және жеке білім беру жоспары, яғни түрі мен құрылымы. Сондай-ақ бұл семинарға жас мамандармен қатар пән мұғалімдері, сынып жетекшілер белсене қатысты. Аталған жиында қарастырылған сұрақтардың бірі: «Инклюзивті білім баланың өзгеруін, әлде инклюзивті білім беру жүйесін болжай ма?». Талқылай келе инклюзивті білім беру баланың емес, жүйенің өзгеруін болжайды деген тоқтамға келдік. Ол барлық балалар әртүрлі екенін мойындайды. Ал мектептер мен білім беру жүйесі барлық оқушылардың жеке қажеттіліктеріне бейімделуі тиіс.
.jpg)
Сонымен қоса арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «www.special-edu.kz» сайтында берілгені жайлы біздің мектебіміздің педагог-психолог маманы Мырзагүл Искендирова айтып өтті. Жоғарыда көрсетілген сайтта көптеген маңызды ақпараттар айдары бар. Оның ішінде ата-аналарға арналған ақпарат, арнайы және инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базасы, арнайы білім беруге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер қамтылған. Ерекше білім беру қажеттілігін талап ететін оқушыларға білім беруде ерекше әдіс-тәсілдерді үйреніп, бұл бағытта қандай тиімді жолдары бар екенін көрсеткен педагог-психолог маманға алғысымды білдіремін.
Семинар соңында ерекше қабілеттілігі бар оқушыларды оқытуда қандай қиыншылықтарға тап болатынымыз және одан шығу жолында қолданылатын тәсілдерді талқылап, мұғалімдерге арналған сауалнамаларға жауап бердік. Сынып жетекші әрі пән мұғалімі ретінде, бұл семинардың пайдасы мен маңызы мен үшін зор болғанын ұққандаймын.
Балнұр ТҰРАҚБАЕВА,
Бейімбет Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназиясының
информатика пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.