Ерікті, яғни волонтер болу дегеніміз – айналаңдағы жандарға риясыз мейірімділік көрсету, тағдырына налып отыратын мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да əсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуына жәрдем ету.
Айналамызға бір сәт зер салсақ, тағдырдың жазуымен қиын жағдайға тап болған жандардың аз емес екендігін байқаймыз. Ал сондай адамның жанынан табылу, қолынан келгенше сүйеу бола білу екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Дени Диро: «Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан», – деген екен. Ерікті болу үшін адамдарға ниет білдіру, жаны ашып, есіркей білу, ашуды ақылға жеңдіре білу, командада жұмыс істей білу ғана емес, адалдық, парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттер де қажет-ақ. Жалпы алғанда еріктілік – ерлікпен тең еңбек. Бұл іске басын тіккен әрбір жан өзінің айналасын ізгілікке бөлейді.
2020 жыл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Волонтер жылы» деп жарияланды. Сөйтіп үстіміздегі жылы денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, мәдениет және басқа да салаларда 7 жалпыұлттық жобаны іске асыру жоспарланды. Сондай-ақ жергілікті деңгейде бірқатар шаралар қарастырылған. Әр өңірде 10-ға дейін волонтерлік стартапты қолдау және іске асыру, волонтерлер және волонтерлік ұйымдармен жұмыс бойынша үйлестіру шараларын ұйымдастыру ескерілгені хабарланды.
Осы шараларды басшылыққа ала отырып, жер-жерлерде волонтерлік қызметті белсендіру шаралары жүргізіліп жатыр. Мәселен, аудандық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік тапсырыс бойынша Жангелдин ауданының жастары мен оқушылары арасында еріктілер (волонтерлік) қозғалысын танымал ету және дамытуға бағытталған «Мен волонтермін» жобасын жариялады. Жобаны Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі жанынан құрылған «Жасампаз – жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұтып алып, жүзеге асырды.
Жоба әрбір жастың алдынан үлкен мүмкіндік ашады. Волонтерлік қызметтің негізгі тереңіне үңілсеңіздер, ізгілік пен патриотизмнен негіз алады. Волонтер болу – өз жұмысы үшін ешқандай ақы сұрамай, көмекке мұқтаж жандарға, шынайы ыждағаттылықпен көмек қолын ұсыну. Қоғамның шынайы жанашырларынан құралған топтың басты мақсаты – Жангелдин ауданының жастары мен оқушылары арасында еріктілік (волонтерлік) қозғалысын танымал ету және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру.
Жоба шеңберінде волонтерлік қызметті дамытуға арналған оқу-жаттығу семинарлары онлайн режимде өтті. Семинар еріктілік қызметтің маңыздылығы мен қоғамдағы қажеттілігін насихаттау, Жангелдин ауданы жастарын еріктілік қызметке тарту мақсатында ұйымдастырылды. Отыздан астам ерікті қатысқан семинардың күн тәртібінде үш мәселе талқыланды.
1. Үкіметтік емес ұйым қызметі және волонтерлік қызметің байланысы туралы ақпарат. Баяндамашы: «Жасампаз – жастар ұйымы» ҚБ төрайымы Гүлхашима Оразова.
2. Әлеуметтік жобалаларды құру және қорғау жолдары туралы баяндама жасайтын колледждің жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Оразов Ниязбек Рамазанұлы.
3. Колледж волонтерлік қызметінің өсуі мен өркендеуі туралы колледж волонтері Сәтбай Айзат таныстырды.
Жоба шеңберінде волонтерлердің біліктілігін арттыру мақсатында көшбасшылар мен белсенді жастарға арналған «Еріктілік қызметтің алғышарттары» ақпараттық әдістемелік құралы шығарылды. Әдістемелік құралда еріктілік қызметке қатысты өзекті тақырыптар және ұйымға волонтерді қабылдау туралы келісімшарт үлгілері, еріктілер сауалнамасы, көшбасшылық пен шығармашылыққа арналған тренингтік жаттығулар топтамасы қамтылған. Әдістемелік жинақ кітаптар палатасында мемлекеттік тіркеуге қойылып, ISBN 978-601-343-368-4 номерін алды. Әдістемелік жинақтың электронды және қағазға шығарылған нұсқасы семинарға қатысушылардың барлығына таратылды.
Жобаны жүзеге асыру барасында ақпараттық баннерлер мен еріктілерге арналған 30 дана бірыңғай форма (футболка, бейсболка арнайы таңбаланған) тапсырыспен алынды. Нәтижесінде еріктілік қызметке ат салысып, жобаны жүзеге асыруға белсенділік танытқан қатысушылар Қоғамдық бірлестік пен Жангелдин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Гүлхашима ОРАЗОВА,
«Жасампаз – жастар ұйымы»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы,
Арқалық қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.