Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – мектеп бітіруші түлектердің өміріндегі маңызды әрі жауапты кезеңдердің бірі. Әрбір оқушы армандаған мамандығына бір қадам жақындау үшін бұл сынақтан сәтті өтуге тырысады. Әсіресе, таңдаулы пәндердің бірі – география бойынша жақсы балл жинау үшін жүйелі дайындық қажет.
Соңғы жылдары оқушыларға көмекші онлайн платформалардың қатары көбейіп келеді. Және солардың бірі – TopIQ. Бұл платформада әртүрлі пәндер бойынша, соның ішінде географиядан да мол ақпарат пен тест тапсырмалары жинақталған. Оның артықшылықтары: тақырыптар бойынша қысқаша түсіндірулер; ҰБТ форматына сай тесттер; қате сұрақтарға түсіндірме; жеке прогресті бақылау мүмкіндігі.
География пәнінен нәтиже қандай?
TopIQ – өз бетінше дайындалатын оқушылар үшін таптырмас көмекші құрал. Соңғы сынақ нәтижелеріне қарағанда, география пәнінен ең төменгі деген көрсеткіш – 26 балл, ал ең жоғарғы көрсеткіш – 45 балл болды. Бұл мәлімет дайындық барысында оқушылар үшін бағдар бола алады. Егер сіз 30 баллдан жоғары жинағыңыз келсе, тек оқулықпен шектелмей, онлайн ресурстар мен қосымша карталармен жұмыс істеуіңіз қажет.
Жоғары баллға жетудің жолдары
Тақырыпты терең түсіну. Материктер, табиғи зоналар, климаттық белдеулер, халықтар мен елдер туралы нақты ақпараттарды меңгеру.
Картамен жұмыс. География – картасыз мүмкін емес пән. Елдердің, қалалардың, өзендер мен таулардың орналасуын білу маңызды.
Тұрақты тест шешу. TopIQ, Daryn.online және BilimLand платформаларында тесттерді күнделікті шешу.
Қатемен жұмыс. Әр қате сұрақты талдау – болашақта оны қайталамаудың кепілі.
Уақытты дұрыс бөлу. Әр күні 1-2 сағатты географияға арнау жеткілікті.
ҰБТ – тек білім сынағы емес, ол – сіздің болашағыңызға бастар жол. География пәнінен жоғары балл жинау үшін дұрыс бағыт пен жүйелі дайындық қажет. Ал TopIQ сияқты платформалар осы жолда сіздің сенімді серігіңіз бола алады. Жоғары баллға қол жеткізу өз қолыңызда.
Айжан ЖАКСЫБАЕВА,
Ә.Бөкейхан атындағы
жалпы білім беретін мектептің
география пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы, Қашар кенті
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.