Қазақ жерінде білім беру, сауат ашу мәселесіне қатты көңіл бөліп, алғаш қазақ балаларына әліппе оқулығын құрастырған тілмаш, ақын, жазушы, педагог Ыбырай атамыз ерен еңбектерінің бірінде: «...Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды...», – деген екен.
Осы сөздерінен-ақ уақыты мен заманына қарамастан, кез келген мәселені шешу жолдары бар екендігін сол кездің өзінде-ақ ескерткен еді... Қазіргі таңда ғаламтор, әлеуметтік желілердің қайнаған (кейбір елді-мекендерде интернеттің мүлдем жоқтығын, кейбір ауылды жерлерде бар болғанмен, жылдамдығының мүлдем төмен деңгейде екендігін ескерген жөн) заманында Ыбырай атамыздың осы сөздері айғақ ретінде жүретіні сөзсіз.
Әлемдік деңгейде таралған төтенше жағдайды ескере отырып, еліміздегі оқыту үрдісінің қашықтан өтуіне байланысты өткен оқу жылының 4-ші тоқсанында, сонымен бірге жағдайға байланысты үстіміздегі оқу жылының 1-ші тоқсанында оқытуды қашықтан, онлайн режимде жүзеге асыру қажеттігі туындауда. Әрине, қашықтан оқытудың өзінің де кез келген қыр-сырына байланысты мұғалімдер тарапынан да, оқушылар тарапынан да туындаған қиындықтардың бар екендігі баршаға мәлім.
Осы тұста республика көлеміндегі әріптестеріміздің көкейінде мынадай сұрақтардың тұрғаны анық: «Қашықтан оқытуда қандай платформаны қолданған жөн?», «Қай платформа оқытуды жүзеге асыруда ыңғайлы болмақ?», «Қай оқыту платформасының түрі кері байланыс жасауға тиімді?», «Қандай оқыту платформасы арқылы өзіндік іздену тапсырмаларын ұсынуға ыңғайлы?», «Қандай оқыту платформасы арқылы жаңа мәліметті ұғындыру жеңіл және жылдам?» және т. б. Әрине кез келген мұғалім өзінің педагогикалық қызметінде оқу және оқыту үрдісін тиімді өткізгенді қалайды, жұмысының табысты және жемісті болуын тілейді. Сол бойынша ізденеді, жаңаша шешу жолдарын қарастырады.
Тамыз айында министрлік тарапынан «Қашықтан оқытуды үйренемін» атты курсты онлайн түрде оқып, аздаған платформалар жайлы жалпы ақпаратты ұғынған едік. Солардың арасында білім беру үрдісін тиімді етуге қай платформа ыңғайлы және балаларға білімді қабылдауда, өзара жекеше, өзіндік орындау дағдыларының қалыптасуына жағдай жасауда. Оқу үрдісіне жалпы кері байланыс жасау дағдысын арттыруда қандай платформа ыңғайлы екендігін ескере отыра ZOOM платформасы мен WhatsApp мессенджері ыңғайлы екендігін анықтадым. Осы тұста оқытудың синхронды және асинхронды қашықтан оқыту формаларын жүзеге асыруды ескерген жөн екендігін есте ұстау қажет.
Жаңа оқу мақсаты бойынша синхронды оқытуды, яғни жаңа ақпаратты, ресурстық мәліметті ұғындыру, тапсырмалардың орындалу тәртібін түсіндіру, көрсету, орындау бойынша жаңа мақсаттар арқылы білім, білік, дағды қалыптастыруда ZOOM платформасының тиімді екендігін анықтадым. (Үстіміздегі оқу жылында аталмыш платформаны балалармен бірге байланысып, сабақ оқыту барысында жиі қолдануға тырысамыз).
Ендігі кезекте ZOOM платформасының тиімді жолдарына тоқталып өтсек:
– Платформалық және қосымша ресурс орталығы (ZOOM платформасын ОС Windows, MacOs, Android, iOs жедел жүйелерін қолдайтын компьютерде, планшетте және смартфонда және басқа да аппараттарда қолдануға болады);
– Таңдалған форматта экранға демонстрация жасау (мұғалім аудиторияға алдын ала дайындалған материалды ұсынады, оқулық, кітап парақтары ашылуы мүмкін, шатасуы мүмкін деген сияқты қорқыныштар жоқ болады, яғни алдын ала дайындап қойған дайын өнімді көпшілік назарына жеңіл ұсынады);
– Аудиоматериалды демонстрациялау (аудиоматериалдың ешбір қиындықсыз естілуі);
– Комментарий жазу режимі (яғни видео, аудиодемонстрация жасау үрдісімен қоса оқушылар, аудитория комментарий жазатын арнайы чатта өзінің көкейіндегі сұрақты жаза береді, пікірін қалдыра береді, ешбір кедергі жоқ);
– Үрдіс барысын басқару, түзету мүмкіндігі (видеоны қосуға, аудиомикрофонды өшіруге деген мүмкіндіктің болуы);
– Виртуалды тақта (мектеп тақтасы секілді сызу, жазу, т. б. мүмкіндіктері бар);
– Онлайн сабақты және чаттың барысын жазып алу мүмкіндігі (яғни сақтап қою мүмкіндігі бар);
– Виртуалды фон (онлайн оқыту форматы болғандықтан, ұйымдастырушының орналасқан мекенінің қайда және қандай екендігіне аса мән берілмейді, яғни үйден оқыту, үйден байланысқа шығу мүмкіндігі ыңғайлы);
– Конференция ішінде жұмысты топтық форматта ұйымдастыру мүмкіндігі (яғни сессияларға бөлу, сыныптағы балаларды бірнеше топқа бөлу);
– Дауысты қосу/сөндіру, сонымен бірге видео/веб-камераны қосу, сөндіру және басқару мүмкіндіктері;
– Конференция қатысушыларын қосу немесе шақыру;
– Реакциялар (мотивация, қатысушылардың белсенділігін мадақтауда түрлі смайликтердің көмегіне жүгіну мүмкіндігі);
– Конференцияны, яғни сабақты аяқтау батырмасы.
Жоғарыда аталған артықшылықтарды есере отырып, аталмыш платформаны қолдануды жиілетсек, әрбір сабақтың не болмаса конференцияның тиімді өтеріне кәміл сенімдімін. Ал өзіндік ізденіс, тапсырмаларды орындау бойынша қалыптасқан дағдыларға кері байланысты жеке беруде, яғни оқушы тапсырмаларын жеке қабылдауда WhatsApp қосымшасының тіптен ыңғайлы екендігі айқын. Мақаламда бұл платформалардың кемшіліктері жайлы айтуды көздемедім.
Атап өткен артықшылықтар кез келген мұғалімнің қашықтық, яғни онлайн форматта оқу үрдісін тиімді өткізу арқылы мақсатқа жетуіне зор ықпал ететініне бірқатар дәлел келтіруге болады. Жаңа технологиялар мен жаңа заман өнімдерінің тиімді тұстарын пайдалану арқылы жас ұрпақтың білім жолындағы ізденісін арттыра берейік. Әрбір сабақтың тиімді және сәтті өтуіне тілектеспін.
Әсемгүл АБУТАЛИПОВА,
№28 Құсмұрын ОМ
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Әулиекөл ауданы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.