Кәсіптік бағдардың мамандық таңдаудағы маңыздыКәсіптік бағдардың мамандық таңдаудағы маңызды

Выпуск - №9(557)   :   06.03.2023
492

Қазіргі қоғамда кездесетін проблемалардың бірі мектеп түлектерінің оқу бітіре салып, қандай мамандық таңдауында. Жас түлектеріміз болашағына керек мамандық таңдауда қиналып жатады. Оның мақсаты мен болашаққа қандай бағдары бар екенін білмейді.

Мамандық таңдау адам өміріндегі маңызды шешім. Сол таңдаған мамандық бойынша адам баласы өмір бойы кәсіп қылады. Мамандық таңдауда көптеген факторлар әсер етеді. Өз мүддесі және қабілеті, достар мен ата-аналарының пікірлері. Ең үлкен кедергілердің бірі – оқушылырға қандай оқу орны мен мамандықтар туралы толық ақпараттың жетіспеуі. Мамандық таңдағанда мектеп бітірушілерде көптеген сұрақ туындайды. Кейбір ата-аналар баласының болашағы туралы ойламай, оның қабілеті мен пікірімен санаспай жатады.

Қазіргі қоғамда кәсіби дәне техникалық мамандықтарды еңбек нарығының сұранысына қарай бейімдеу мәселесі жиі қозғалады. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында кеңірек айтылды. «Қазіргі таңда жастарға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар берудің маңыздылығы өте зор. Жоғары немесе орта білім беретін оқу орнын бітірсе, ол жас бір мамандықтың иесі атанады. Бірақ, ол таңдаған мамандық қоғамның сұранасына жауап бере ала ма? Қазір таңда техникалық мамандықтар тапшы. Бұл мамандықтарды жастар 9-сыныпты бітіргеннен кейін кәсіптік-техникалық колледждерде меңгеріп шығады. Сондықтан осы мәселені кеңінен дамытып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Иә, рас болашақ жастардың қолында. Дегенмен, қазір жастарға барлық мүмкіндік бар. Тек сол болашақ жас ұрпаққа дұрыс бағдар беру керек».

Кәсіптік және техникалық маман даяарлауда Рудный қаласында Рудный құрылыс және көлік колледжінің үлесі ерекше. Жалпы Рудный қаласы өнеркәсіппен айналысатын еңбекші қала. Қаламызда Соколов-Сарыбай кен өндіру бірестігі бар екенін білеміз. Осындай өнеркәсіптерге жұмысшы кадр даярлауда колледж маңызды роль атқаруда. Жыл сайын қаншама түлектер дайындап жұмыс тізгініне қосудамыз. Биыл да әдеттегідей түлектер жинаймыз. Атап айтсақ электргазбен дәнекерлеуші, автомобильге техникалық қызмет, жөндеу және пайдалану, автомобиль кранының машинисі, құрылыс – әрлеу жұмыстарының шебері, эксковатор машинисі сынды мамандықтарға түлектер жинаймыз. Колледждің басым тұстары өте көп. Жоғары білімді мұғалімдер, жас мамандар, құрылғыларға толы шеберханалар және жаңа техникалар жетерлік.

Студенттерге тегін түскі ас, 1-жартыжылдықта барлық оқушыға шәкіртақы қарастырылған. Қарапайым мысал егер сіз автомобильге техникалық қызмет, жөндеу және пайдалану мамандығында оқысаңыз осы мамандық дипломы, автомобиль жөндеу слесарі санаты, көлік жөндеу шебері санаты және де В, С1 санатты жүргізуші куәлігін ала аласыз. Студенттер өнеркәсіптік іс-тәжірбиеде үлкен өнеркәсіптерге барып, өз шеберлігін шыңдай алады. Сонымен қатар іс-тәжірбиеде жүріп өз жалақысын алып, экономикалық жағдайын бірқалыпты қыла алады. Колледж қабырғасында жүріп, спорттық іс-шараларға қатысып, мәдени шараларға қатысып бағын сынай алады.

Жыл сайынғы ұйымдастырылатын Worldskills кәсіби шеберлер чемпионатында студенттеріміз жүлделі орындардан көрінеді. Оқу орны барлық түлектерді жұмыспен қамтиды. Мемлекет басшысы айтқандай «Кәсіби маман ең сыйлы адам болуы тиіс» деген болатын. Кәсіби және техника маманы болуда кешігіп қалмаңыздар жас түлектер!


Арман ҚАНИ,
Рудный құрылыс және көлік
колледжінің өндірістік
оқыту шебері

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.