Қазақ тілі және өмірлік дағдылар

Выпуск - №17(665)   :   02.05.2025
645

1

Бүгінгі білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Бәріңізге мәлім, функционалдық сауаттылық – бұл оқушылардың алған білімдерін өмірде тиімді қолдана білу қабілеті.

Қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту үшін бірнеше тиімді тәсілдерді қолдануға болады. Біріншіден, тілдік жағдаяттар арқылы оқыту. Оқушыларды күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға бейімдеу үшін рөлдік ойындар, диалогтар мен пікірталастар ұйымдастыру маңызды. Мысалы, «Дүкенде сауда жасау», «Қоғамдық көлікте әңгімелесу» сияқты тақырыптарға жаттығулар жасау оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытады. Екіншіден, тапсырмаларды өмірмен байланыстыру. Қазақ тілі сабағында оқушыларға шынайы тапсырмалар беру олардың білімін тәжірибе барысында қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, жаңалық жазу, хабарландыру құрастыру немесе ресми өтініш жазу сияқты жұмыстар олардың жазу сауаттылығын арттырады.
Үшіншіден, АКТ құралдарын тиімді пайдалану. Қазіргі заманда ақпараттық-коммуникациялық технологияларсыз білім беру мүмкін емес. Қазақ тілі сабағында әртүрлі онлайн-платформаларды (Kahoot, Quizizz, Google Forms) пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, белсенділігін күшейтеді. Төртіншіден, тұлғааралық қарым-қатынасты дамыту. Функционалдық сауаттылықтың маңызды бөлігінің бірі – коммуникативтік дағдылар. Оқушыларды кішігірім топтарға бөліп, бірлесіп жұмыс істеуге үйрету олардың командамен жұмыс істеу және пікірін жеткізу қабілетін дамытады.
Бесіншіден, жобалық әдісті қолдану. Жобалық оқыту – оқушылардың өздігінен ізденуін және шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді тәсілі. Мысалы, «Менің туған қалам» тақырыбында жоба жасап, оны сынып алдында таныстыру – оқушылардың зерттеу және сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. Ққазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылықты дамыту – оқушылардың өмірде белсенді қолдана алатын білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған маңызды міндет. Сондықтан да оқыту әдістерін түрлендіріп, оларды өмірмен байланыстыру арқылы біз оқушылардың тілді еркін меңгеруіне және оны тиімді қолдана білуіне ықпал ете аламыз.

Сафура ТЛЕКЕШЕВА,
Е.Есжанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Жітіқара ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.