Еңселі тарихы бар, торқалы тоқсан жолдың торабында орналасқан Қазақстан – бүгінде 130 ұлт бір шаңырақтың астында бірлік пен ынтымақтастықты ту еткен ел. Бұндай жетістік қан мен тердің арқасында келгені белгілі.
.png)
Халқымыз басынан не кешпеді, десеңізші?! «Қан мен тердің арқасында» келді дегеніміздің өзі біраз дүниені жеткізіп тұрғандай. Тарих парақтарын ақтарып отырсақ, 1986 жылы көзі ашық, көкірегі ояу патриот жастарымыз жанын пида етіп, елімізді тәуелсіздікке бір қадам жақындатты. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы сәтімен жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет – тәуелсіз Қазақстан Республикасы келді. Бұл жауапты қадамнан үнсіздік жалғасуы мүмкін емес еді. Осы жолда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қолынан барын жасап, жиналған сан мыңдаған адамның алдына:
– Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Міне, енді сол күнге де жеттік... Тәуелсіздік табалдырығында тұрған осы жан тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі, бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, солардың қатарында бұл күнге жете алмай, туған Қазақстанның егемен ел, тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен Желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, еске алуды парыз санаймын. Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Қазақстанның көпұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін, – деп сөз сөйлеген еді.
Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында Қазақстан деген мемлекет тәй-тәй басты. Небәрі бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақстанның тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды. Сол күннен бері отыз жылдай уақыт өтті. Елдің әл-ауқаты көтеріліп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тіліміз жаңғырып келеді, еңселі Қазақстанның мәртебесі еселенді. Әрине, ең алдымен, бұрынғы жүйенің құлауының зардаптарын, әлеуметтік-экономикалық күйреу мен дағдарысты бастан кешірдік. Соған қарамастан мемлекетіміз өркендеуде өз жолын таба біліп, өркениетке үлесін қоса бастады.
Еліміздегі аса өзекті әрі кезек күттірмес басты мәселенің бірі болып саналатын – тіл саясатын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз парасатты байыптылық танытып жүргізіп келе жатырмыз. Дегенмен, Қазақстан халқы мынаны түсінулері керек: қазақ тілі осы мемлекеттің негізгі қолданыс тілі. Бұл тіл осы мемлекеттен басқа ешбір елде дами алмайды, бұл тілдің басқа Отаны жоқ. Мемлекеттік саясатта бұл тілге алдағы уақытта да басымдылық беріледі. Қазақстанды өз Отаным деп есептейтін әрбір азамат бұл тілді білуге міндетті. Тіпті қазақстандық патриотизм бізді осыған жетелеуі қажет.
Біздің еліміз көпұлтты, және бұл тағы бір артықшылық, өйткені біз бәріміз біртұтаспыз. Бізді Отанымыз, достық, құрмет, өзара көмек және ортақ мәдениет біріктіреді. Қазақстанда он сеніз миллионнан астам адам, жүз отыздан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері біртұтас отбасы болып өмір сүреді. Мұның бәрі бір-біріне жақсы көзқарас, жанашырлықпен бірге жүреді. Қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, корей, татар тілдерінде кітаптар мен газеттер шығарылады, ұлттық театрлар, эстрадалық ансамбльдер жұмыс істейді, радио мен теледидарда ұлттық бағдарламалар беріледі. Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – бұл біздің жаңа Қазақстанды құруымыздың негізі!».
Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Артқа тастаған жиырма жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Татулық пен ынтымақтастықты ту еткен Қазақстан бүгінде әлемдік аренада алып «айдаһар» елдермен терезесі тең, керегесі кең ел. Бұл дәрежеге жету сіз бен біздің арқамыз! Лайым төгілген тер, ерен еңбек ұрпақтар есінде мәңгі қалар. Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!
Сағынған БІРЖАН,
№2 ОМ физика
пәнінің мұғалімі,
Федоров ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.