«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген ұлағатты сөзде қаншама мағына, қаншама терең ой жатыр десеңізші?! Өйткені, адамзат баласына керекті рухани байлықтың бәрі кітаптан табылады.

Білімнің қайнар бастауы болып саналатын кітапты сақтайтын, жинақтайтын, оны оқырманына жеткізетін қасиетті орын – кітапхана. «Адамға ауа қандай қажет болса, кітапхана да сондай қажет» деген көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің сөзі кітапхананың өмірдегі орнын дәл айқындап тұрған жоқ па? Бүгінде ғылыми-техникалық прогресс пен адамзат өркениеті қаншалықты жедел қарқынмен дамып, әлемді ақпараттық технологиялар билеп, кез келген кітаптың мәтінін әп-сәтте интернеттен тауып алатын жағдайға жетсек те, кітапхананың орны бөлек. Осы орайда біздің мектептің кітапхананың да тарихы тереңнен бастау алады. Жуырда кітапхана кітап қорымен толығып, рухани жағынан бір қуанып қалдық.
Тарқатып айтсам, А.Құнанбаев, Ә.Кекілбаев, Б.Соқпақбаев, І.Жансүгіров, М.Дулатов, Ш.Уалиханов, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймаутов, Ғ.Мүсірепов, Б.Майлин, т.б қазақ классиктерінің шығармалары жазылған кітаптар әсіресе, жоғары сынып оқушылары үшін рухани азық екені анық. Сондай-ақ «Снегурочка», «По щучьему велению», «Морозко», «Мужик и медведь», «Глупый волк», «Гуси-лебеди» атты орыс ертегілері де үштілділікті дамытуға үлесін қосады. Ал «Ұр тоқпақ», «Құлақ», «Қаңбақ шал», Бауырсақ», «Қасқырмен жеті лақ», «Қазақ ертегілерінің» 1, 2-томы, «Ас атасы – нан», «Бір тал кессең, он тал ек», «Ақылды қоян» кітаптары оқушылардың сөздік қорын дамытуға көмегі зор. Мектепке дейінгі бүлдіршіндер үшін «Терезелі энциклопедия», «Микроскопта нені көреміз?», «Су астында не бар», «Мазақтамалар», «Сұрамақтар», «Хайуанаттар», Түстер», «Жұмбақтар», «Қомағай жұлдызды құрт», т.б. кітаптармен толықты. Ең бастысы жаңа кітаптар келгелі оқушылар легі толастар емес.
Қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында тек қана оқушыларды емес барлық мектеп қызметкерлерінің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Оқитын мектеп» жобасы жұмысы жүргізілуде. Жоба аясында бүгінгі күннен бастап мектепте жұмыс жасайтын барлық қызметкерлер, мұғалімдер, оқушылар қойылған белгілі бір уақыт аралығында өздеріне қызықты түрлі авторлардың кітаптарын оқуға қызығушылығы артты. Осыған орай, мектебімізде үлкен іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Иә, заман талабына сай көрнекті де жаңа кітаптар легі де толастамай, кітапхана жыл сайын жаңа кітаптармен толығып отырса нұр үстіне нұр болар еді.
Самал НҰРМАҒАНБЕТОВА,
Науырзым ЖББМ
кітапханашысы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.