Латын әліпбиі – өркениет жолы

Выпуск - №31-32 (427-428)   :   25.08.2020
442

Еліміздегі өзекті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Қазіргі уақытта заманның талабы осы бастаманы талап етіп отыр. Жаңа әліпби болашақ ұрпақты зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз.

Педагог әрі еліміздің азаматшасы болғандықтан, жазуымыздың латын графикасына көшірілуіне қатысты өз ой-пікірімді білдіріп өтуді жөн көрдім. Ал орфографиялық тұрғыда саралау, дыбыстардың үндестігі, емле, ережелердің жағдайын тіл мамандары шеше жатар. «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүректе соғуын тоқтатпай ма?», – деп әйгілі жазушы Мұхтар Әуезов айтып өткен болатын. Енді міне, бұл күндері тіліміздің дамуы жолында үлкен қадам жасалып жатқанына куә болып отырмыз.
Бұл шешімнің қабылдануы ең алдымен, келер ұрпақтың қамын ойлағандықтан деп есептеймін. Латын әліпбиі – қазір қарқынды дамып жатқан әлемдік ақпарат кеңістігіне енудің, оған тез бейімделудің тиімді де оңтайлы жолы дер едім. Сонымен қатар әлемдік деңгейдегі білім кеңістігінде еркін «қалықтау» үшін жас ұрпақты оған бейімдеп, бірнеше тілде еркін сөйлеуі жолында да қажетті төте жол да латын әліпбиі болып табылады. Өйткені компьютердің пернетақтасының құлағында ойнайтын жастар үшін латын әліпбиін үйрену айтарлықтай қиындық туғыза қоймас. Керісінше, информатика пәнінің маманы ретінде латын әліпбиі – қазіргі заман талабы, кемел білім алудың оңтайлы жолы дер едім.

Тұңғыш Президентіміз: «...Латынға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процестерінің ерекшеліктеріне байланысты»,– деп атап көрсетті. Қазіргі заманда дүниежүзінде өзара ақпарат алмасу латын графикасымен жасақталған компьютерлердің көмегімен жүзеге асып отырғаны мәлім. Осы коммуникациялық кеңістікке мемлекеттік тіліміз де өзіндік жазу сипатымен кіруге тиіс. Бұл қазіргі заманда тіліміздің, жазуымыздың қоғамдық абыройын арттыруға, әлеуметтік беделін көтеруге септігін тигізеді. Осындай мәдени-әлеуметтік маңызды іске ат салысып, қызмет еткен тілдің де мәртебесі арта бермек.

Бүгінгі таңда латын негізді графиканы әлемнің 80 пайызы қолданса, кириллицаны тек 12 мемлекет қана пайдаланып отыр. Өзге елдердің тәжірибесіне жүгіну керек деп есептеймін. Мысалы, латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. Латынға көшу барысында осы елдердің қателіктерін ескеріп, дұрыс жақтарын басшылыққа алу керек. Себебі, тәуелсіздіктің басты тірегі – мемлекеттік тіл. Ұлы өзгеріс тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады деген үміттемін.

Таңшолпан БРАЛИНА,
№15 ОМ информатика
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.