Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі саналатын өскелең ұрпақ білімінің тереңдігімен өлшенеді. Кез келген адамның тәрбиесіне негіз қаланатын орта, алдымен – отбасы болса, одан кейін – балабақша, яғни мектепке дейінгі білім беру ұйымы.

Мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Осыған орай Арқалық қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Кейкі батыр атындағы №4 орта мектебінің базасында «Мектепке дейінгі білім беру: жетістіктері мен даму үрдістері» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогтерінің бірінші съезі өтті. Оған қала, ауыл балабақшаларының меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері және шағын орталықтардың тәрбиешілері мен колледж оқытушылары қатысты.

Съезді қалалық білім бөлімінің бастауыш және мектепке дейінгі әдіскері Мейрамгүл Қалиева құттықтаумен ашып, баяндамашыларға сөз кезегін берді. Съезде мен «Мектепке дейінгі ұйым – тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы» тақырыбында баяндама оқысам, «Жаңа форматта мемлекеттік аттестациядан өту және оның нәтижесі» тақырыбында «Алпамыс» бөбекжайының меңгерушісі Бахыткүл Едіресова, «Гүлдер» бөбекжайының меңгерушісі Айгүл Бейсенова, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалардың креативті әлеуетін дамыту» тақырыбында «Балдырған А» балабақшасының әдіскері Айдана Дүйсенбаева, «Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамытуда заманауи әдістерді қолдану» тақырыбында «Раушан» бөбекжайының әдіскері Гүлнұр Наурызбаева тәжірибесімен бөлісті.
«Золотой ключик» бөбекжайының тәрбиешісі Нина Газезова «Весенний пейзаж» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізсе, «Алтын асық – ұлттық мұра» атты шебер-сыныппен қатар «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі Қарлығаш Қайралапова жиналғандарға баяндамасын да оқыды. Съезде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту жолдары, педагогтердің кәсіби және тұлғалық өсуі, мектепке дейінгі білім беру саласында мамандар даярлау мәселелері талқыланды және тәжірибе алмасты. Съезд жұмысы аясында өзімізге қажет мағлұматтарға қанық болғанымыз үшін білім бөлімінің әдіскері Мейрамгүл Қалиеваға алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да білім бөлімі мен колледж арасында байланысымыз жалғаса бермек.
Бақытира НУРГАЗИЕВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
директордың оқу-өндірістік
жұмысы жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.