Мемлекеттік тіл саясаты жіті назарда

Выпуск - №24 (420)   :   12.06.2020
135

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында ғылым-біліммен бірге мемлекеттік тіл туралы айтқан пікірі – тіл мәселесінің жіті назарда екендігінің айқын дәлелі.

Ел Президенті: «Мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін барынша арттыруымыз керек. Бұл мәселеде Еуропа елдерінің тәжірибесіне назар аудару қажет. Олар тіл үйрету барысында негізінен оқу орындарындағы жастарға көбірек мән береді», – деді. Бұл – мемлекеттік тілді оқыту курсын ұйымдастырумен айналысатын тіл орталықтарының жұмысына да тың серпін береді деген ойдамыз. Қостанай облысында тілдерді оқыту инфрақұрылымы жасалған. Бүгінде облыс бойынша заманауи оқытудың әдістемелік және техникалық құралдарымен қамтылған 20 тілдерді оқыту орталығы бар.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бұған дейін «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі білім беру сапасын жетілдірумен тығыз байланысты екендігін атап көрсеткен-тін. Еуропалық білім кеңістігінде педагогиканың бір саласы болып табылатын «андрагогика» термині «ересектерді оқыту», оларға «үздіксіз білім беру» мағынасында қолданылып жүр. Бұл күндері адамның үздіксіз білім алуында ересектерге білім беруді ұйымдастыру – жаһандық деңгейдегі құбылыс болып тұр. Сондықтан ересек білім алушыларға қазақ тілін үйрету – мемлекеттік және қоғамдық құрылысты қалыптастыруда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейте түседі. Бұл – мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тіліне айналып, қоғамдық келісімді нығайтудың негізі бола бастайды.

Президентіміз баяндамасында Тіл комитетін 2021 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің қарамағына беру керектігін баса айтты. Бұл қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу және оны үйрету ісіне қатысты әлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұндай қадам қолданысқа енгізілетін оқу бағдарламаларының тиімділігін талдау және мониторинг жүргізу жүйесін жасауға септігін тигізері хақ.

Тіл комитетін Білім және ғылым министрлігіне беру – бірқатар мәселелердің оң шешілуіне тікелей ықпал етеді. Айталық, қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу мен үйрету ісіне қатысты жұмыстарды да бір орталыққа шоғырландыру арқылы мемлекеттік тілді оқытудың жағдайын жетілдіруге қол жеткіземіз. Мәселен, мемлекеттік тілді ересектерге салалық тұрғыда меңгертудің іскерлік, кәсіби бағыттағы тетіктерін дамытуда Білім және ғылым министрлігімен бірге тиімді оқу бағдарламалары жасалып, сапалы оқу-әдістемелік құралдар қолданысқа енеді.

Сонымен қатар ересектерге тілдерді оқыту орталықтарының ұйымдық-құқықтық нысанын, құрылымын, қызметтік мәнін, функциялық міндеттерін қайта қарап, Тілдерді оқыту орталықтарында жұмыс істейтін оқытушылардың да білім беру ұйымдарының мұғалімдерімен тең дәрежеде қарастырылуы, сонымен қатар біліктілік талаптары бойынша республикалық деңгейдегі типтік ережелерді бекіту мәселелерін шешуге септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Президент: «Тіл – үлкен саясаттың құралы», – деп айтқандай, солай екенін ескере отырып, мемлекеттік тілдің өз дәрежесінде салтанат құруы үшін жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Мемлекет басшысының жоғарыдағы мәлімдемесі алдағы уақытта орталықтардың жұмысын жаңаша бағытта үйлестіруде тың серпін беріп, ілгерілете түседі деген ойдамын.

Гүлжан МЕНДЕКИНОВА,
Қостанай облысы әкімдігінің
тілдерді дамыту басқармасының
басшысы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.