Облыс мектептері қажет техникамен қамтылды

Выпуск - №000(000)   :   02.10.2020
267

Үстіміздегі оқу жылының басында компьютерлік техникаға мұқтаж өңір мектептері анықталып, оларды қамтамасыз ету бағытында Үкіметтен 2,4 млрд теңге бөлінді. Бүгінде оқу ошақтары қажет техникамен толық қамтылып отыр.

Қашықтан оқытудың өңірде сәтті жүргізілуінің алғашқы себепшісі – оқушылар мен педагогтердің компьютерлік техникамен жарақтанып, ғаламторға қосылуынан басталатыны белгілі. Бұл көпшілікті алаңдатқан мәселе-тұғын. Кейбір отбасыларда оқыту сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін техника болғанмен, оған қолы жетпей қалған оқушылардың аз еместігі белгілі. Осы жағдайдың алдын алу мақсатында жоғарыда атап өтілген соммадағы қаражат бөлініп, оған 15 мың 222 компьютерлік техника сатып алынды. Атап өтер болсақ, оның ішінде 1584 дана компьютер, 11 мың 586 дана ноутбук және 2052 дана планшет қарастырылған.



Статистикалық деректерге көз жүгіртсек, облыс бойынша 493 мектеп, 12 мың 919 педагог және 110 мың 206 оқушы бар. Оның ішінде 21 мың 836 оқушы білім алып жатқан 335 мектеп (68%) немесе барлық оқушылардың 19%-ы санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, штаттық режимде білім алуда. Қалған 158 мектептегі (32%) 63 мың 557 оқушы оқу процесін қашықтан өткізуде. Ал бастауыш сыныптарда ата-аналардың өтініші бойынша қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, толықтырылуы 15 адамға дейінгі топтарға бөле отырып, «кезекші сыныптар» жұмыс істейді. Бұл форматта 24 мың 813 оқушының немесе бастауыш сынып оқушыларының жалпы санының 50%-ы (1-4 сынып оқушылары – 49 мың 223) білім алуда.



– Облысымыздың ауыл-аймақтарының оқу ошақтарына жіберілмес бұрын компьютерлік техникалардың әрқайсысы тексерістен өткізілді. Білім сапасын бағалау және ақпараттандыру орталығының мамандары олардың жұмыс деңгейін көріп, бағдарламалық ақауының бар-жоғын анықтады. Нәтижесінде жарамсыз техникалар жаңасына ауыстырылып, облысымыздың 8 өңіріне (Денисов, Қамысты, Қарасу, Меңдіқара, Қостанай, Ұзынкөл, Қостанай, Арқалық қалалары) кезекпен жіберілді. Соңғы 650 компьютер Арқалық қаласына жетті. Бұған дейін де жазғы маусымда жергілікті бюджеттен бөлінген 1,4 млрд теңгеге 6 мың компьютер сатып алынып, мектептерге қолданысқа берілген болатын, – дейді Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Білім сапасын бағалау және ақпараттандыру орталығының директоры Әсет Айсин.



Қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін облыс оқушыларына оқу жылы басталғанға дейін қайтарымды негізде 11 мың 188 бірлік компьютерлік техника беріліпті. Әсет Сұлтанбекұлының айтуынша, осымен бүгінде облыстағы компьютерлік техникаға мұқтаж болған білім ошақтарының қажеттілігі толық өтелді.

Жамал ШАУКЕН
 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.