Өңір педагогтері ChatGPT Edu платформасына қол жеткізді

Выпуск - №28-29(724-725)   :   14.08.2026
407

Chat-GPT-Edu-1

Өңіріміздегі білім беру саласын цифрландыру бағытында маңызды қадам жасалды. Аймақтағы 5236 педагог жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін заманауи ChatGPT Edu платформасының лицензиясына қол жеткізді.

Жаңа жоба мұғалімдердің күнделікті әкімшілік жүктемесін жеңілдетіп, оқыту сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Аталған жобаға өңір бойынша 268 мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі, 4519 мектеп мұғалімі және 449 колледж оқытушысы қосылып отыр. Бұл пилоттық бастама Оқу-ағарту министрлігінің білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу стратегиясы аясында жүзеге асырылуда.
Заманауи платформа педагогтердің цифрлық әлеуетін арттырып, оларға мол мүмкіндіктер сыйлайды. Атап айтқанда, мұғалімдер сабақ жоспарларын санаулы минуттарда әзірлеп, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, тесттер мен дидактикалық материалдарды жылдам дайындай алады. Сонымен қатар оқу материалдарын оқушылардың жеке дайындық деңгейіне қарай бейімдеуге жағдай жасалған.
ЖИ-көмекші қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сапалы оқу контентін әзірлеуге, күрделі тақырыптарды қарапайым және түсінікті тілде түсіндіруге, сондай-ақ бағалау критерийлерін құрастыруға көмектеседі. Бұл платформа арқылы білім алушылардың орындаған жұмыстарына терең талдау жасап, әр балаға жеке кері байланыс дайындауға болады. Дегенмен платформа тек педагогтің көмекшісі қызметін атқаратынын айта кеткен жөн, ал оқушылардың білімін бағалау мен қорытынды шешім шығару құқығы толығымен мұғалімнің өзінде қалады.
ChatGPT Edu мүмкіндіктеріне қол жеткізу – білім беру жүйесін цифрландыру жолындағы маңызды қадам. Бұл бастама мұғалімдердің әкімшілік жүктемесін біршама азайтып, оқу сапасын арттыруға және әрбір білім алушының әлеуетін тиімді дамытуға ықпал етуі тиіс.

Қостанай облысы
білім басқармасының баспасөз қызметі

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Ғасырға қадам басқан білім ордасы

Неделю назад в 15:09

Бүгінгі мектеп

Жасыл болашаққа тамыр тартқан жоба

Неделю назад в 15:07

Бүгінгі мектеп

Актуально

Реклама

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.

Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.