Оқуға құштарлықты оятады

Выпуск - №48(495)   :   12.12.2021
501

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасын бекіткен болатын.

Аталған жоба аясында көркем әдебиеттер тізімі 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, аударылған әлем әдебиеттері, сонымен қатар қазіргі заманғы ақын, жазушылардың кітаптары енгізілген. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады.

Оқу сауаттылығы – қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін маңызды көрсеткіштердің бірі ретінде қарастырылады. Міне, осыған байланысты Қостанай қаласындағы №27 жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылған «Білім әлемі» атты бастауыш сыныптар апталығында мұғалімдерге арналған шебер-сынып өтті. Мұғалімдерге мәтінмен жұмыс істеуге көмектесетін әдістемелік тәсілдермен таныстыру мақсатында «Оқы, талқыла, суретте» тақырыбындағы сабақ басталып кетті. Шебер-сыныпқа мектеп директоры, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Топтық жұмыс барысында мұғалімдер Ы.Алтынсариннің шығармалары бойынша мәтіндердің құрылымына байланысты түрлерін талқылап, тәжірибелік жұмыстарды орындады. Шебер-сыныпта «мотормен оқу» жаттығуын қолданды. Оны бастауыш сыныптарда ғана емес, орта буында да қолдануға болатындығын атап өткен жөн. Мұндай жаттығу мидың екі жарты шарын да дамытады және оқудың тиімділігін арттырады. Әріптестермен оқумен қатар шығармашылық сипаттағы тапсырмалар өткізілді. Берілген тапсырма бойынша кесіп, желімдеп, сурет салып, шығармашылық жұмыстарға қызығушылықпен кірісті. Шебер-сынып соңында барлығына оқу жылдамдығын арттыратын жаттығулары бар кітапшалар таратылды. Мұғалімдер тапсырмаларды орындап, жаңа мағлұматтар алып, кері байланыс арқылы өз ойларын білдірді.

Жас ұрпақтың оқу сауаттылығын, оқу сапасын, отбасылық кітап оқу дәстүрін арттырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жолында ең үлкен тәрбие құралы – кітап екені мызғымас заңдылық.


Күлімжан БИСЕМБАЕВА,
№27 ЖББМ бастауыш
сыныптар мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.