Пәнді ағылшын тілінде кіріктіре оқыту

Выпуск - №44(491)   :   13.11.2021
457

Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар жол десек, үштұғырлы тіл – бәсекеге қабілетті ұлт болудың игі бастамасы. Оларды меңгерген жас ұрпақтың болашағы жарқын, бағындырар белесі мол болары хақ. Сондықтан үштілді оқыту – заман талабы. 

Мектептердің үш тілде оқытуды қолға алуда бірнеше тілді меңгерген, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру мақсаты көзделеді. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Бүгінде адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар болып жатыр. Сол себепті ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілікпен қатар полимәдениеттілік бүгінгі уақытта білім берудің басты бағыттарының бірі ретінде анықталды. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту – қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде жүзеге асырылады.

Бұл күндері Қазақстан мектептерінде информатика, физика, биология және химия пәндерін ағылшын тілінде оқыту қолға алынуда. Әрине, өзіндік қиындықтары болғанмен, аталмыш жаңашылдық қажеттіліктен туындап отыр. Биология пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әр түрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Сабақ барысында қосымша берілетін биологиялық терминдер сөздігі оқушының сөздік қорын қалыптастыруда көмегін тигізеді.

Оқушыларға пәнді қазақ тілімен бірге орыс және ағылшын тілінде оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Жаратылыстану пәндерін үш тілде оқыту – болашақ ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің қажеттілігі. Ғылыми техниканың дамуы адамдардың практикалық және кәсіби тұрғыда көптілді меңгеру қажеттігін тудыруда. Сабақ процесінде жаңа технологиялық әдістерді пайдалануда техникалық құрылғыларды қолдану кезінде ағылшын тілін білу өте маңызды.

Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту контексінде еліміздегі ең маңызды тіл – ағылшын тілі, ал ағылшын тілін оқыту үрдісіне кіріктіруді енгізу – ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіндіктеріне бағытталған. Жалпы білім беретін жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп мұғалімдері үшін, орта білім беру мазмұнын жаңғырту негіздерінің бірі – үштілді білім беруде заманауи CLIL әдісін белсенді қолдану өте тиімді. CLIL әдісі: арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пән мен тілді кіріктіре оқыту.


Айгерим ЖУСУПОВА,
Мичурин ЖББМ биология
және химия пәндерінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.