Сапалы білімге саналы қадам

Выпуск - №36(633)   :   20.09.2024
39


Қарқынды дамыған заман білім саласына да түрлі жаңашылдықтар әкелуде. Бүгінгі интерактивті оқыту, қолжетімді электронды құрылғылар білім алушылардың білім сапасы жолында өзінің тиімділігін дәлелдеді. Соның бірі – TopIQ платформасы.


Сандық педагогикаға бір қадам алға жетелейтін TopIQ – тәжірбиесі мол ұстаздардың методикасына жаңа дем берсе, мен секілді жас мамандарға оқу процессін жетілдіруге, сондай-ақ оқушылармен қарым-қатынасты орнатуға таптырмас көмекші. Қолданысқа толық жіберілмес бұрын алдын ала тәжірбиеден сәтті өткен құрылғы қазіргі таңда ақауларсыз қызметін атқарады. Оның ішінен мемлекеттік білім беру бағдарламасы енгізген 1 мен 11-сыныптарға арналған 97 электрондық оқулық қолжетімді.

Өзімнің тәжірибеме келсем, ағылшын тілі пәнінен мұғалім болғандықтан, шет тілін үйренуге бұл платформаның тигізер көмегі мол. Бұрын кітаптан бөлек мәлемет алсақ, қосымша ақпаратты ғаламтор беттерінен ізденуге тура келетін. Ал, қазіргі оқу бағдарламасы осы платформамен өзара байланысты. Оқу мақсатына сай тапсырмаларды оқушылармен бірге орындаймыз. Соңында олардың жауаптарын сәйкестендіріп, қателіктермен жұмыс істейміз. Сонымен қатар, тақырыптарға сәйкес түрлі ойындар, зейіндерін ашатын сұрақтар бар.

TopIQ платформасы өте ыңғайлы, қолжетімді әрі оған кез келген құрылғыдан кіруге болатынына көзім жетті. Балардың зейінін аудартатын мәтінмен қоса анимациялар көрсетіледі. Қазіргі Z ұрпағы ескерген дәріс ретіндегі сабақтарды оңша меңгеруге ұмтылмайды. Оларға динамиқалық, түрлі-түсті бояуларды қолданылған, өз ойларын еркін жеткізуге болатын сабақтар қызықты. TopIQ платформасын қолданбай, 40 минуттық сабақ ішінде бұндай шараны өткізу қиындыққа соғады. Маңызды мәселе – оқушылардың да, мұғалімдердің де ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын дамыту қарастырылған. Бір-бірімен кері байланыс орнатып, жаттығу жұмыстарын онлайн орындауға болады. Қазіргі білім стандартына сай оқылым, тындалым, жазылым – бәрі қарастырылған.

Оқытушылар үшін үлкен тиімділігі – көрнекі құралдарсыз-ақ TopIQ арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға болады. Сабақ барысында мәліметті тек кітаптан емес, бейнероликтерді көріп, аудиожазбаларды тыңдап, көптеген мәліметтерді миына сіңіреді. Айталық, қиын тақырыпты түсінбеген бала бірнеше рет видеожазбаларды көру арқылы оңай меңгереді. Әрине, ағылшын тілі сабағында аудио және бейнежазбаларды пайдаланудың бірнеше артықшылығы бар: тыңдау және түсіну дағдыларын дамыту, сөздік қорды кеңейту, тыңдау және сөйлеу машықтарын жақсарту және өзінмен өзін жұмыс жасау. Егер бала ана тілінде сөйлейтіндердің сөздерін тыңдаса, ол сөздің айтылуын, екпінін және сөйлеу мәнерін түсіне алады.

Электронды оқулықтар жеке оқушымен немесе оқушылар тобымен тек сыныпта ғана емес, басқа да жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оқушылар спорттық жарыстарға,табиғи апаттарға байланысты, белгілі сабақ уақытынан босатылатын жағдайлар орын алады. Ал, енді оқушылар қайда жүрсе де, үнемі оқу платформасын пайдаланып, сабақтарын оқып,бағаланып отырады. Басқа білім платфораларымен салыстырғанда ең бір ерекше тұсы Күнделік.kz-пен байланыста болғаны мені қуантты. Мұғалім үй тапсырмаларын оқушыларға саралап беріп отырады.

TopIQ платформасы – сандық технологиялардың бірі. Егер бұрын тек шет елдерінен осындай технологияларды көрсек, қазір отандық брендпен мақтануға болады. Бұл болашағымыз емес, бұл қазіргі заманның талабы және біз педагогтер осы ағынмен жүреміз. Бұған дәлел, №17 жалпы білім беретін мектеп базасында өткен «Қарым-қатынас. Түсіну. Шабыт» мұғалімдер форумы. Облыстың түкпір-түкпірінен педагогтерді бір диалог алаңында жинаған форумды ұйымдастырушы – Білім басқармасының әдістемелік орталығы болатын. Жиылған қауым әдістемелері мен тәжірбиелерін көпшілікке ұсынды. Мен де жас маман болсам да, тәжірибемді көпшілікке жарияладым. Осы уақыт аралығында үстінде айтып өткен платформаның тиімділігін, ағылшын тілі пәнін жүргізуге оның септігін, және айтар тұстарын түртіп өз дайындаған жұмысымды қорғадым.

Жиырма бірінші ғасырға керек нағыз заманауи цирфлық платформа осы TopIQ. Оны сабақ барысында үздiксiз қолдана білсек, нағыз білім сапасының көтерілуіне үлкен мүмкiндiктер берері сөзсіз. Заманға сай жастарға тиімді оқыту құралын ұсыну жаңа технологияға жол ашу ретінде қарастыруға болады. Шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын платформа жас ұрпақты табысты болашаққа дайындауға көмектесе отырып, ҚР білім беру жүйесін жаңғыртуға маңызды рөл атқаратынына кәмел сенемін.


Эльмира АБДИКАРИМОВА,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназияның ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.