Теміржол мамандары сұраныста

Выпуск - №37 (484)   :   24.09.2021
330

Қаламыздағы қарашаңырақ «Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжі» 1203000 «Теміржол көлігінде тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша тасымалды ұйымдастырушы техник шығаратын бірден-бір оқу орны.

«Теміржол – өмір жолы» дегендей, теміржол мамандары әрқашанда жоғары сұраныста. Сапалы білім алу үшін сапалы білім беретін оқу орындарын таңдау да қажет. Қазіргі күннің сұранысына ие болатын оқу орнының бірі ретінде жоғарыда атаған «Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжі» деп нақты айта аламын. Аталған колледжде бұл мамандық бойынша жоғары санатты оқытушылар мен бірге өндірісте жұмыс істейтін тәжірибесі бар оқытушылар сабақ жүргізеді.

Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқарудың мәні мен міндеттері; халықаралық, республикалық жүк және жолаушылар тасымалын ұйымдастыру; жүктерді және жолаушыларды тасымалдау технологиясын зерттеу; қазіргі заманғы менеджмент және маркетинг негізінде пайдалану жұмысын ұйымдастыру процестері мен заңдылықтарын зерттеу; теміржол көлігінің заңдарын, ережелерін, нұсқаулықтарын зерттеу бағыттары қарастырылады.

Өткен 2020-2021 оқу жылында колледжді осы мамандық бойынша 68 түлек тәмәмдап шықты, соның ішінде 25 студент грант тобында оқып, шәкіртақысын алып отырды. Түлектер бүгінде өз мамандықтары бойынша жұмыстарын бастап кетті: Астана, Қостанай, Арқалық, Есіл, Тобыл станцияларында еңбек етуде. Хәкім Абай айтқандай: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады». Рас, бүгінде колледжде болашағынан үміт күтетін талантты, білімді студенттер білім алуда. Сонымен қатар еліміздің дамуына өзіндік үлестерін қосатын бәсекеге қабілетті жас мамандарды даярлауда, сапалы білім беру жолында аянбай еңбек тәжірибесімен бөлісіп келе жатқан оқытушы тәлімгерлер жеткілікті.

Жалпы адам мамандығына қаншалықты риза болса, өмірге де дәл солай риза болады екен. Кәсіп таңдау бір жағынан – болашаққа үңілу болса, екінші жағынан, ол – өзінің ішкі жан-дүниесіне үңілу, яғни мықты әрі әлсіз жақтарын саралау, қолынан не келетінін, табысқа жету үшін не қажет екенін түсіну. Сондықтан мамандықты дұрыс таңдай білген жөн.


Батырхан КАРАШИНОВ,
Ата-ана,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.