Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында бірқатар жобалар қолға алынды. Соның ішінде «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының қарқынды жүзеге асып жатқаны көзі қарақты оқырманға мәлім.

Шаралардың мақсаты – білім алушыларды жоғарыда аталған бағдарламаның негізгі жобаларымен таныстыру, Қазақстанның көркем әдебиеті мен әлемнің классикалық әдебиетінен сұрыпталып, таңдап алынған шығармаларын насихаттау, колледж студенттерінің бойында әдеби тағылымын қалыптастыру және қарқынды дамыту. Білім алушылардың бойында кітапты ұқыпты әрі ынталы оқу дағдысын қалыптастыруға арналған атына заты сай игі бастама облыс орталығының төңірегіндегі бірқатар білім ордаларында жалғасын тапты.
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім берудің әдістемелік кабинеті жұмыс жоспары бойынша қаңтар айында колледж мұғалімдері ашық лекциялар өткізіп, «100 жаңа оқулық» жобасына енген кітаптарды қолданысқа енгізді. Атап өтер болсақ, олардың қатарында Арқалық және Қостанай жоғары политехниклық колледждері, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, Рудный құрылыс және көлік колледжі, Қостанай педагогикалық колледжі, Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледждерінің ұстаздары, Қостанай, Федоров ауыл шаруашылығы колледждері, Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі, «Зерек» колледжі бар.

Заман талабына сай, оқытушылар қауымы әрдайым жаңалыққа құмар, өзгеріске бейім. Бұл жобаны студенттерге ұсынып қана қоймай, колледждегі оқытушылар тарапынан тренинг ұйымдастырылды. Мәселен, жоба аясында тізімге енгізілген кітаптарды еске сақтау мақсатында ұяшықтарды толтыру, мәтін мазмұны арқылы қажетті сөйлем тауып, құрастыру, Т.Бюьзен әдісі бойынша тақырыптық интеллект картасын толтыру және басқа да жұмыс түрлері арқылы студенттердің жобаға қызығушылығын анықтай білгендерін мәлімдеп, жобаға қолдау көрсетіп жатқандары құптарлық іс. Одан бөлек, оқытушылар қауымы «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» туралы толық ақпарат берумен қатар студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап бере білді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері, сананы жаңғырту бағыттарын, олардың жүзеге асуы мен көптеген маңызды мәселелер туралы сөз қозғап, бойтұмардай ой салған ұстаздарға алғысымыз шексіз. Болашақтағы жарқын мақсатымыз – дамыған алпауыт елдердің биігінен көріну. Бүгінгі студент – еліміздің келешегі. Елінің тарихын, дәстүрін санасына сіңіріп өскен жаңа заман баласы келешекте бәсекеге қабілетті болып өсері сөзсіз. Міне, осы орайда «100 жаңа оқулық» жобасының келешек ұрпақты тәрбиелеуде қосатын үлесі мол деп есептеймін. Ендеше, тың жобаны қолдап, жүзеге асыруда еңбегімізді еселей берейік.
Жанат БЕЛИСАРОВА,
Қостанай облысы білім басқармасы
техникалық және кәсіптік білім
беруді дамыту мәселелерін зерттеу
секторының меңгерушісі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.