Тұлғаны қалыптастыру жолы

Выпуск - №41(488)   :   23.10.2021
326

Мектептегі оқушыларға берілетін тәрбие саласының бірі – үйірме жұмыстары. Үйірме жұмысының негізгі мәні сапалық жағынан адамның жан дүниесінің үйлесімділігін, рухани байлығын және шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.

«Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын», – дейді Шәкен Айманов. Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта-ықыласын ескеру маңызды мәселе. Мұғалім оқушылардың талаптары мен сұраныстарын қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы тиіс. Үйірменің жетекшісі алынған тақырыбының үйретушілік және тәрбиелік маңызына ерекше мән бергені жөн. Жұмысты жүргізу әдістері көп жағдайда әр түрлі болады. Дегенмен үйірме сабақтарында проблемалық әдістерді жиі пайдаланған дұрыс. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, ізденгіштік дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Мен жүргізетін «Біз театр ойнаймыз» үйірмесінде әр қатысушы өз мүмкіндіктерін жақсы түсінеді, мүмкіндіктерін іске асыруға және әр түрлі жағдайда өз іс-әрекетін жүзеге асыруға көмектеседі. Оқушыларды тәрбиелеуде және олардың қазіргі қоғамдағы өмірге бейімделуінің күрделі мәселелерін шешуде театр үйірмесінің үлкен мүмкіндіктері бар екенін байқадым. Сонымен бірге оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін дамытуда үйірменің әсері мол.

Театр бағытындағы үйірмені үшінші жыл жүргізіп келемін. Жыл сайын үйірме құрамы өзгеріп тұрады, бірақ балалардың шығармашылыққа деген қызығушылығы өзгеріссіз қалады. Мен үшін ең маңыздысы – балаларды өздерінің тәуелсіздігін, табыстылығын, шығармашылық үдерістегі ләззатын, бір-бірімен қарым-қатынаста болуды ұнататындай етіп іс-әрекетке бағыттау. Бұл қасиеттер балаларға күнделікті өмірде қажет болады. Үірме тәрбиеленушілері керемет актер болмаса да, олардың театр өнеріне деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтары артады. Үйірмедегі сабақтар балалардың жұмыс істеу қабілетін дамытады.

Рөлді үйрену, оны көрерменге ұнайтындай етіп ойнау – үлкен жұмыс... еңбек және тәртіп. Осы тұста құрылған «Біз театр ойнаймыз» үйірмесі – шығармашылыққа, қызықты нәрселерді білуге, театрға деген сүйіспеншілікке ұмтылған, пікірлес, тату дос балалардың тобынан құралған. Әрине, үйірме жұмысын ата-аналардың көмегінсіз жүргізу мүмкін емес. Декорацияны безендіруге, қойылымдарға костюмдер тігуге ата-аналар көмектеседі. Үйірмеде дайындалған қойылымдарды мектепішілік іс-шараларда, ата-аналарға тамашалауға ұсындық. Олар үйірме тәрбиеленушілерінің өнерін бағалап, алғыстарын білдірді.


Ақтолқын ҚҰЛЖАБЕКОВА,
Балалар шығармашылық
үйінің қызметкері,
Қарабалық ауданы

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.