А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында «Ақбота» балабақшасында орыс тілі пәнінің мұғалімі С.Хасенованың ұйымдастыруымен педагогтер арасында «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты интеллектуалдық ойын өтті.

Зияткерлік сайыс қоғам қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының – ғұмырын халқына арнаған дарабоз дарын иесі екендігін біліп, шығармаларын сүйсініп оқуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Шара төрт кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде әр топ өзін таныстырса, екінші кезеңде Ахаңның өмірбаяны, ақындығы, аудармалары, асыл мұралары сынды тақырыптарға арналған сұрақтар қойылды. Үшінші кезең мысалдарды рөлге бөліп орындауға негізделсе, соңғы кезеңде қорытынды шығарылды.
Қатысушылар «Алаш», «Ойшылдар» тобына бөлініп, Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы кітабы жайлы, отаршылдықтың зорлық-зомбылық, елдің сол кезеңдегі хал-жағдайын жеткізе білгендігі туралы түрлі түсті ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарға толық жауап беріп отырды. Артынша «Шегіртке мен құмырсқа», «Қасқыр мен қозы» мысалдарын қазақ және орыс тілдерінде рөлге бөліп орындап, импровизация жасалды.
Ахмет – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор. Оның «Оқу құралы» – қазақ жазуының тұңғыш әліппелерінің бірі. Ал «Тіл – құралы» қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Ол ұлтына, қазақ халқына қызмет етті. Сәкен Сейфуллин кезінде былай деген болатын: «Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы – ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл». Ол, шын мәнінде, халқымыздың рухани көсемі бола білді. Қортынды кезеңде зияткерлік ойын қатысушыларына мадақтама қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталды.
Ақгүлім МЫРЗАКЕРИМОВА,
«Ақбота» б/б әдіскері,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.