Үздіксіз дамытуды қажет ететін мамандық

Выпуск - №11 (458)   :   22.03.2021
269

Ұстаз өмірі үйрете жүріп үйренуден, талаптана жүріп шыңдалудан, үздіксіз кәсіби өсуден тұрады. Бүгінде оған қашықтан оқытуды тиімді етуге бағытталған компьютерлік технологияларды игеру қажеттігі қосылды. 

Рудный қаласындағы мемлекеттік тілде білім беретін Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияда ұйымдастырылған үздік ашық сабақтар декадасы осындай тұжырымдарды растай түскендей. Рудный қаласындағы инновациялық мектеп шоғырында тұрған аталмыш білім ордасы педагогикалық шеберлік шыңдалып, әдістемелік тәжірибе толығатын, әр ұстаз үнемі ізденісте болатын орта.
Осыған дейін берері мол, тағылымы зор ондаған шара өткізген мектепте «Үздік ашық сабақтар» декадасы байқауы жарияланды. Оны өткізудегі басты мақсат – білім беру сапасына үздіксіз бақылау жүргізіп отырумен байланысты. Сонымен қатар қашықтан оқытуға қажетті әдістемелік тәжірибені тарату және қажетті жаңалықтар мен технологияларды игеру. Ең бастысы, оқушылардың ынтасын арттыруға ненің қажет екенін анықтап, жалпыға бірдей қолданысқа енгізу және қашықтан оқыту мүмкіндігін кеңейту. Осы үшін заманауи білім технологияларын пайдалана отырып, орта білім пәндері бойынша үздік бейне-сабақтарды іріктеу ұйғарылды.
Алғашқы байқауға 1-санаттағы ұстаздар мен педагог-сарапшы санатындағы пән мұғалімдері қатысты. Байқауды тиімді ұйымдастыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылды. Оның құрамына тек мектеп басшылығы ғана емес, Рудный қалалық білім бөлімінің әдіскерлері де сырттай бақылаушылар ретінде шақырылды. Байқаудың тағы бір ерекшелігі – бір пәнді оқытатын мұғалімдердің тек біреуі емес, екеуі қатыстырылуында. Мәселен, ағылшын тілінен екеу, дене шынықтарудан екеу, математикадан екеу. Олардың сыныптары да әртүрлі – бірі бастауыш буын болса, басқасы орта сыныптарда өткен сабақ.
Ашық сабақта оқу процесімен тығыз байланысты жайттар тексерілді. Атап айтқанда, қашықтан білім алу сабағына сыныптың қатысу деңгейі, мұғалімнің оқу мақсаты мен сабақ мақсатын байланыстырып нақты қоя білуі және оқу мақсатын жүзеге асыра алуы қандай дәрежеде болатыны бақыланған. Ол үшін тапсырмалардың жүйелі, байланысты деңгейде берілуін, интербелсенді әдістерді қолдану дағдыларын, шығармашылық, саралау тапсырмаларының қамтылуын сондай-ақ, сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың болуын, тапсырмаларға дескрипторлардың ұсынылуын, рефлексияның тиімді өткізілуін назарда ұстау керек еді.
Осы өлшемдердің барлығы бірдей сақталған және жан-жақты дайындалып, жаңа платформалар кеңінен қолданылған сабақтарға келер болсақ, математика пәнінің мұғалімі Сағила Бекмұратованың ашық сабағын ерекше атап өту керек. Тәжірибелі ұстаз Google презентация, Google тест және Jamboard платформаларын шебер қолдану арқылы осындай күрделі ғылымға оқушылардың қызығушылығын арттыра түскен. Оқушылар мен мұғалімдерді тәнті еткен бір сабақ – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гузаль Бекмырзаеваның 5-сыныпта өткізген сабағы.
Жас маман қашықтан өткен сабағында Learningapps, және Quizlette платформаларын қолданып, оқушылардың белсенділігі біршама артқанын байқадық. Жаңа технологияларға жақын жас ұстаз Нұрзат Жүзтаеваның оқушылары сабақ тақырыбын жақсы игеріп, 5-сыныпта өз байламдарын еркін айтып, ой түйетін дәрежеге жеткені сүйсіндіреді. Ал сабақ құрылымы мен жоспары жақсы деген ұстаздар ретінде Надежда Баранова мен Алтынай Қайдарбекованы айтып өтсек ләзім. Шәкіріттерінің ризашылығына бөленген тәжірибелі педагогтер сабақ мақсатын қалай қойып, қалай қол жеткізуге болатынын шебер көрсетіп берді. Өздерінің оқытушылық тәжірибесін жаңа технологиялармен ұштастыра білетіндер бастауыш сынып ұстаздары Жұлдызай Жакупова мен Гүлмира Балапашева. 
Сабақтарға төрағалық еткен комиссия мүшелері байқау жұмыстарын 5 баллдық жүйе бойынша келесі критерийлер арқылы бағалады. Атап айтқанда, сынып оқушыларының сабақ тақырыбын меңгеруі, белсенділік танытуы, қолданылған әдіс-тәсілдердің қолданудағы көзделген мақсаты ашу шеберлігі, сабақ кезеңдерінің логикалық реттілігі мен бірізділігі, АКТ мүмкіндіктерін сапалы қолдану, пән мұғалімінің оқу мақсатына қол жеткізуі. Жеңімпаздар айқындалуда. Тәжірибесін шыңдап, ізденуден тынбаған әріптестерімізді біз мақтанышпен айта аламыз. Әрқашанда мектебіміз шеберлік шыңдалар орта болып қала бермек.

Айдархан ОМАРҒАЛИЕВ,
Бейімбет Майлин атындағы 
№7 мектеп-гимназиясының
ағылышын тілі пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

 

Реклама

Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.

«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.