Заманың түлкі болса, тазы болып шап

Выпуск - №33-34 (429-430)   :   27.08.2020
220

Қазіргі ақпараттық технологиялардың дәуірі қоғам дамуын жаңа дәрежеге жеткізді. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, білім алу мүмкіндігі және т. б. шынайы әлемге қарағанда виртуалды әлемде жүзеге асуда.
 

Ғаламтор – жастардың ең сенімді құралдарының біріне айналды. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, ғаламтордан, дәлірек айтар болсақ әлеуметтік желі арқылы «әңгімелеседі». Қазіргі кезде әлеуметтік желілердің ішінде Вконтакте, Мой Мир, халықаралық facebook, instagram және тағы басқалары кеңінен қолданысқа ие. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстандық интернет қолданушыларының 62,4%-ы – Вконтакте желісінде, 25,9%-ы – Мой Мир желісінде, ал 22,7%-ы – Одноклассники желісінде отырады екен. Оның көш басында instagram-ның тұрғаны айтпаса да түсінікті.

Бұл ақпарат жастардың әлеуметтік желіде қаншалықты және қайда отыратынын көрсетеді. Біз, ұстаздар, студенттерімізге білім беріп қана қоймай, оларды жаманнан алшақ, жақсыға жуық жүруге тәрбиелеуіміз қажет. Бұл істің басында студенттердің кураторы тұратыны анық. Өзімнің педагогикалық еңбек жолымда бірінші рет куратор болып тұрсам да студенттермен тіл табысу, қарым-қатынас орнату қиынға соқпады. 0105000 Бастауыш білім беру мамандығының М-11 тобында жалпы саны 25 студент бар, оның 24-і – қыз, 1-еуі – ер бала. Бүгінде жастарды ата-ана, қоршаған ортамен қатар қолындағы телефоны, ондағы көптеген сыртқы факторлар қоса тәрбиелейді. Сондықтан да студенттермен жұмыс істеу барысында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды жиі пайдаланамын. Әсіресе тәрбие жөнінде және оқу процесіне қажетті материалдарды қолданамын.

Атап айтар болсам, студенттердің колледж қабырғасына келген күннен бастап тәртібін, мінез-құлқын зерттеуге кірістім. Ол үшін олардың әлеуметтік желідегі аккаунттарына тіркеліп, бақылай бастадым. Бірнеше студенттерім достары ортасында басқаша, ал әлеуметтік желіде басқа екен. Олардың тіркелген парақшалары, әлеуметтік желіге жүктеген фотосуреттері әлі күнге дейін бақылауымда. Ия, жасыратыны жоқ олардың ерсі фотосуреттері, әдепсіз топтарға тіркелгендерін де көзім шалып қалған жағдайлар болды. Оның ішінде «ночной клуб», «признавашки», «отношение полов» сынды топтарды атап өтуге болады. Сонымен қатар түнгі 22.30 кейін желіде отырса, телефон соғып хабарласып, демалу керек екенін естеріне саламын.

Менің тобымда сабақ барысында instagram, Вконтакте әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде отырған студенттер де болды. Осындай мәселелердің барлығын өзге достарына білдірмей, өздерімен ақырындап сөйлесіп, ата-аналарына арнайы скриншот жасап жіберіп, қыздары мен ұлдарын бақылауда ұстауды сұрадым. Қазіргі уақытта студенттердің желідегі парақшасын күніне 1 рет қарап отырамын. Тексеріп қана қоймай, олардың жақсы фотосуреттеріне лүпіл басып, пікірлерімді қалдырып отырамын, бұл әрекетім студенттеріме де ұнайды. Осындай бақылау барысында студенттердің көбінің отыратын дамытушылық топтарын да байқадым, олар: КПК, спорт, музыка, литература, туризм, мода және басқаладыр. Әсіресе Қостанай педагогикалық колледжінің сайтына кіріп, мақалаларды оқып отыруларын қадағалаймын. Топ сағаттарында ҚПК сайтындағы мақалар бойынша сұрақ қойып, тексеріп отырамын. Бұл студенттердің колледж қабырғасындағы жаңалықтардан хабардар болып отыруына үлкен ықпал етеді.

Студенттердің колледж өміріне, оқу процесіне бейімделу барысын тексеру мақсатында арнайы электронды сауалнамалар да жүргізіп отырамын. Осы күнге дейін екі сауалнама жүргіздім. Ондағы мақсат – студенттердің колледж өмірі, достары, оқытушылар мен оқып жатқан пәндері жайындағы көзқарастарын білу болатын. Сонымен қатар тексерумен ғана шектеліп жүргенім жоқ. Елімізде өткен Жастар жылы мен қазіргі Волонтерлер жылының аясында көптеген байқаулар болып жатыр. Өз тобымдағы студенттерді қоғамдық өмірге белсене араласулары үшін байқауларды іздеп тауып, оларға қатысуға ұсыныс жасап жүрмін. Мәселен Абайдың 175 жылдығына арналған шығармалар сайысына 17 студентім қатысты. Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы республикалық деңгейде «Авторлық ертегі» бойынша шығармашылық байқауын ұйымдастырып жатыр. Бұл байқаудан да қалыс қалмай, студенттерімнің барлығы оған қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесі қуантарлық.

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі жанынан ұйымдастырылған «Жаһанша оқулары» аясында «Қазақ зиялылары ұлттық тәуелсіздік жолында: ХХ ғасырдың бірінші ширегі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына тобымның студенті Қаби Қаламқас өз мақаласын ұсынып, мақтау қағазын иеленді. Өзім де ата-аналар жиналысының жоспарын сайтқа жіберіп, сертификатпен марапатталдым. Қазақтың бір кереметтей мақалы бар: «Заманың түлкі болса, тазы болып шап» деген. Әсіресе қашықтан оқыту барысында студенттерді осы жолмен, яғни әлеуметтік желілер арқылы ғана қадағалай аламыз. Қай кезде де ұстаздың арқалаған жүгі ауыр екені мәлім. Сондықтан да, құрметті әріптестер, мынау ақпараттық-технологиялар заманында жаңа технологияларды пайдалана отырып, студенттерімізді жаманнан қорғап, жақсылыққа жетелей берейік.

Ләззат СЕЙЛОВА,
Қостанай педагогикалық колледжі 
Филология кафедрасының
оқытушысы

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4