Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттырып, инновациялық тәжірибелерді қолдау мақсатында «Hack-teach-In: сабақтың педагогикалық дизайны» атты республикалық байқау өтті.
Байқау қазіргі білім беру кеңістігінде өзекті болып отырған сабақтың педагогикалық дизайнына баса назар аударды. Мұғалімдер заманауи әдістемелер мен цифрлық технологияларды сабақ үрдісіне енгізіп, оқушы белсенділігі мен танымдық қабілетін арттыруға бағытталған жобаларын ұсынды. Байқауға еліміздің барлық өңірінен шығармашыл, ізденімпаз ұстаздар қатысып, өз педагогикалық жобаларымен ерекше көзге түсті. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын мазмұны, құрылымы, креативтілігі және практикалық қолданбалығы бойынша бағалап, үздіктерді анықтады.
Нәтижесінде І орынға Атырау қаласындағы Д.Қонаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кубиева Нургуль Пангереевна, ІІ орынға Қызылорда облысы, Қазалы ауданына қарасты Әйтеке би кентіндегі №288 орта мектептен Кушекпаева Жадыра Келинбаевна және Ақтөбе қаласындағы №19 орта мектептен Дәулетова Жансәуле Дәулетқызы, ІІІ орынға Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектептен Амантаева Айзада Амангелдіқызы, Атырау қаласындағы әл-Фараби атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінен Амангалиева Лаура Шыныбаевна ие болды.
Жүлделі орындарға ие болған ұстаздар өз жұмысында білім алушыны оқу үдерісінің белсенді субъектісі ретінде қарастырып, интерактивті платформалар мен шығармашылық тапсырмаларды тиімді үйлестіре білді, цифрлық ресурстарды сабаққа тиімді енгізудің үлгісін көрсетті. Олар оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған, білім алушының белсенділігін арттыратын әдіс-тәсілдермен ерекшеленді. Аталған ұстаздар шығармашылық әдістерді сабақта ұштастыра отырып, эстетикалық және әдеби талдау негізінде оқушылардың терең ойлау дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар ұсынды.
Бұл байқау – мұғалімнің кәсіби дамуы мен жаңашыл бастамаларына берілген зор мүмкіндік. Жеңімпаз ұстаздарды шын жүректен құттықтай отырып, олардың табысы әріптестеріне шабыт сыйлайды деген сенімдеміз.
Асель КОЖАНИЯЗОВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ
Қостанай облысы бойынша
Кәсіби даму институтының
аға оқытушысы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.