Білім берудің қазіргі заманғы парадигмасы оқушының білім алуын ғана емес, сол білімді өмірлік жағдаяттарда қолдана білуін де талап етеді. Осы бағытта 2024-2025 оқу жылынан бастап Б.Майлин атындағы №3 ЖББ мектепте арнайы факультативтік курс жүргізілуде.
«Биология пәнінен PISA тапсырмаларын орындау арқылы функционалдық дағды қалыптастыру» тақырыбындағы курстың басты мақсаты – оқушылардың биологиялық білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, функционалдық сауаттылығын арттыру және PISA халықаралық зерттеу форматындағы тапсырмаларды шешу дағдысын қалыптастыру. Аталмын курс барысында оқушылар: биология пәніне қатысты өмірлік жағдайлармен байланысты мәтіндерді оқып, талдайды; график, диаграмма, кесте сияқты ақпарат түрлерімен жұмыс істейді; PISA үлгісіндегі құрылымдалған сұрақтарға жауап беріп, өз шешімін дәлелдейді; ғылыми-биологиялық терминдер мен ұғымдарды нақты қолдануға үйренеді; дерекке негізделген тұжырым жасау, қорытынды шығару және аргумент келтіру дағдыларын дамытады.
PISA зерттеуінің ең басты ерекшелігі – тек пәндік білімді емес, білімді өмірде қолдану қабілетін бағалауы. Бұл курс оқушылардың сыни ойлау, ақпаратты іріктеу және өңдеу, шешім қабылдау, жауапкершілікпен әрекет ету сияқты функционалдық дағдыларын дамытады. Факультативтік курсқа 8-сынып оқушылары белсенді қатысуда. Сабақтар топтық жұмыс, пікірталас, зерттеу тапсырмалары мен жобалық әдістер арқылы өтеді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге, ғылыми тілде сауатты сөйлеуге және биология пәнін өмірмен байланыстыруға дағдылануда Сабақтар барысында бірқатар бағыттар қамтылады: Ғылыми сауаттылық (биологиялық құбылыстарды түсіндіру және ғылыми дәлелдермен негіздеу); Экологиялық тақырыптар бойынша тапсырмалар (ресурстарды пайдалану, табиғатты қорғау, қоршаған орта факторлары); Графиктер, диаграммалармен жұмыс (сандық және сапалық ақпаратты талдау); Талдауға негізделген пікір айту (дәлелді жауап беру, аргумент келтіру).
«Биология пәнінен PISA тапсырмаларын орындау арқылы функционалдық дағды қалыптастыру» курсы – заманауи білім беру талаптарына жауап беретін, оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыратын, сонымен қоса білімді өмірде қолдануға үйрететін тиімді құрал. Бұл курс оқушылардың халықаралық деңгейде білімін шыңдауға үлкен септігін тигізеді.
Индира БАЛТАБАЕВА,
Б.Майлин атындағы
№3 жалпы білім беретін
мектеп директорының
ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі
орынбасары, биология
пәнінің мұғалімі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.