Жаңа оқу-әдістемелік кешенге түсінік

Выпуск - №3(551)   :   24.01.2023
577

Қостанай қаласындағы №4 ЖББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бердыгужинова Ақмарал Кенжебековна екеуміз 8-9 сынып оқушыларына арнап «Оқушылардың фунционалдық сауаттылығын арттыруға арналған мәтіндер» атты жинақ құрастырып шықтық.

Бұл мәтіндер жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне, сонымен 8-9 сынып оқушыларын ОЖСБ-ға, мемлекеттік емтиханға дайындау мақсатымен құрастырылған. Сабаққа тәрбиелі, мағыналы, мазмұнды мәтіндер іріктеліп жинақталған. Оқушының алған білімін өмірде қолдана білуді негізге ала отырып, жеке тұлғаны дамыту мақсатында түрлі мәтіндермен жұмыс жоспарланған. Ол мәтінді мұқият тыңдап, сақ отыруға баулиды, тез ойлап, тез шешім қабылдауға үйретеді. Оқушы лайықты нәрсені таңдауға және тыңдауға үйренеді. Мәтін түрлері, оның бөліктері, мазмұны, тақырыбы, өзектілігі жан-жақты қарастырылған.

Қазақ тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар – балаларды қазақша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір-бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру aқпaрaт беру үшін мәтінмен жұмыс істейді. Оқу сауаттылығына бастапқы қадамдарын бастайды. Мәтіннен тест сұрақтарын құрастыра отырып, мәтіннің негізгі ойын аңықтайды. Одан қорытынды жасай келе, өміріне керек нәрселерді алады. Яғни, тәрбиелік маңызы зор жұмыс. Осылайша 8-9 сынып оқушыларының оқу сауаттылығына байланысты сауаттарын кеңейту; мәтінмен жұмыс түрлерін, мәтіннің негізгі ойын, оның құрылымдық, мағыналық жағын терең меңгертуге жағдай жасау; болашақта, мемлекеттік емтиханға дайындықтың алғашқы сатыларын бастау болып табылады.

Қорыта айтқанда, білімнің шыңынан көрінетін бұл ғасырда оқушының шығармашыл болып қалыптасуына көмек боларлық мәтінмен жұмыс әдістерінің тиімділігін байқату. Мәтінмен жұмыс өз алдына басы бірікпейтін нәрсе сияқты көрінеді. Бір жүйеге түсірсек, оқыту да, тіл дамыту да, әдебиет пен қазақ тіліне деген құрмет пен қызығушылық та арта түспесе кемімейді. Ұрпақ тілі – біздің болашағымыз екенін ұмытпайық!


Анар ОСПАНОВА,
№4 ЖББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.