Жаңашыл ұстаз – өз мамандығын терең ұғынатын, дүниетанымы кең, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды жетік білетін, үнемі өзін-өзі тәрбиелеумен айналысатын, педагогика ғылымы мен практикасының соңғы жетістіктерін меңгерген адам.
Жақында Тобыл қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен және байқауға жауапты аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемесінің әдіскері Шынар Скиндированың жетекшілігімен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін анықтау, бағалау және озық педагогикалық идеяларды облыс аумағында насихаттау мақсатында «Жаңашыл ұстаз-2024» байқауы өтті.
Байқауды Тобыл қаласының №1 ЖББМ тарих пәнінің мұғалімі Еламан Кенжебаев пен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Толқын Кошмаганбет жүргізді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Сара Исмаилованың, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуанышкүл Умырзакованың да үлестері зор. Жалпы, байқауға ауданымыздың әр мектептерінен «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 13 мұғалімі қатысты.
Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы «Өзім жайлы жарнама» кезеңінде заман талабына сай әрбір ұстаздың педагогикалық мамандыққа деген талапты креативті ұсынуы, көшбасшылық қабілеттері, тақырыпты терең түсінуі, автордың ұстанған позициясы, ұсыныстары бағаланды. Қатысушылар өздерінің шеберліктерін керемет көрсете білді. Бірінші кезеңде барлық 13 мұғалім де өздерінің жан-жақты дайындықпен келгендерін шебердікпен көрсете білді. Екінші «Өзіңді тексер!» кезеңінде қатысушылар педагогикалық қызметкерлердің білімі мен кәсіби біліктілігін анықтауға арналған тестке жауап берді. Үшінші «Шебер сыныбы» кезеңінде педагогтер сандық жүйе, жасанды интеллектті қолдануы, шығармашылық шеберлігі мен ұсынған өнімнің нәтижесін асқан тапқырлықпен көрсете білді.
Әділ қазылар алқасына байқаудың нәтижесін шығару қиынға соқты. Себебі, әр ұстаз үлкен ізденіспен, тыңғылықты дайындалып келген. Дегенмен, «жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бас бәйгені Тобыл қаласындағы мектеп-гимназияның тіл маманы Гульшат Ниязбекова иеленді. Ал, Тобыл қаласының №1 ЖББМ мұғалімі Камила Әбдікәрім, Заречныйдың №1 ЖББМ мұғалімі Ерік Есенгелді, Заречный мектеп-лицейінің мұғалімі Дамегуль Кусанова, Айсары ЖББМ мұғалімі ретінде мен – Дариға Сапабекқызы, Мичурин ЖББМ мұғалімі Макпузаханым Жундыбаева, Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Гүлдаурен Байгенжина, Абай негізгі орта мектебінің мұғалімі Сымбат Жетписбай жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді.
Байқау мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламамен жарасымды жалғасын тапты. Ауданның түкпір-түкпірінен қатысқан қатысушыларға мақтау қағаздары табысталып, алғыс білдірілді.
Дариға БЕРСҮГІРОВА,
Айсары ЖББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.