Адам бойындағы мүлгіп жатқан қасиеттері кемелденуді талап етеді. Ал қабілеттер бейне бір бұлақ тәрізді. Ашылған соң, сылдырап аққан бұлақ суының қосылу арқылы алып мұхитқа шығатыны тәрізді адам бойындағы жақсы қасиеттерді де шығару керек.
.jpg)
Абай айтпақшы: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық». Ал адам бойындағы жақсы қасиеттер мен «білім, ғылым» деген ұымдар ізденумен, еңбектенумен келері айтпаса да анық. Қазіргі таңда жастарымыздың көпшілігі бос уақыттарын ғаламтор желісіндегі адам санасы мен алтын уақытын ұрлайтын түрлі бейнероликтер мен өзгенің өміріне пікір жазумен өткізуде. Жалпы айтқанда, бұл басқа біреудің өмірін сүрегенмен тең. Мұндай індеттің алдын алудың бірден-бір жолы – кітап оқу. Ол адам санасының жетілуіне, ой-өрісінің кемелденуіне оң әсер етеді.
Шығармашылыққа толы идеялардың қайнар көзі кітап екені бәрімізге мәлім. Десек те қазіргі таңда қоғамда кітапқа деген сұраныстың артқанын, әсіресе жастарымыздың кітап оқуға деген қызығушылығын байқап жүрмін. Қалада болсын, ауылда болсын кітап оқып, шоқиып отырған оқырманды көргенде жаның жадырай түседі. Оған бір себеп, биыл ауылымызға еліміздің түкпір-түкпірінен жас мамандар бағдарлама бойынша арнайы тәжірибеден өтіп, ауылдық мектепте қызмет етуде.
Былтырғы қыркүйек айынан бастап осы жас мамандарымыздың ұсынысымен мектебімізде ұстаздар қауымына арналған «Book сlub» ашылды. Идеяның негізгі авторы: ағылшын пәнінің мұғалімі Айтолқын Қылышбекова.Клубтың басты мақсаты – кітап оқуға шақыру. Іс-шараның шеңберінде түрлі шығармашылық, өзін дамытатын психологиялық кітаптар оқылып, әр бөлім бойынша талқыланады. Отандық авторлардың шығармаларын оқу арқылы 2021 жылы жарық көрген қоғам қайраткері, дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам», Қуаныш Шомбайдың «Екінші болма», «Бізге айтылмаған құпия» атты кітаптарымен танысып, оқып шықтық.
Туындыларды оқи отырып, жан-жақты жетілген идеалды адамның қасиеттері мен ерекшеліктерін, қазақтың ойшыл зиялылары айтқан түйінді пайымдары, сондай-ақ адамзатқа ортақ құндылықтар жайлы, кемел адам дегеніміз: рухани бай, мінезі көркем, білімі терең, айналасымен қарым-қатынасы жақсы, дені сау адам екендігіне көз жеткіздік. Жоба аясында тек отандық авторлардың кітаптарымен ғана шектеліп қалмай, шет елдердің авторлары жазған көптеген кітаптарын қарастырдық. Мәселен, Дейл Карнегидің «Дос табу және адамдарға ықпал ету», «Алаңсыз өмір сүру құпиялары», Брайн Трейсидің «Табысқа талпын» атты туындыларымен таныстық.
Қай кітапты алсақ та, автор жетістікке жетудің жолдарын және тұлғалық дамудың түрлі тетігін көрсете отырып, оқырманын кемел адам болуға шақырады. Міне, осындай тың ойлармен ауылымызға келген жастарымыз күн сайын дамып жатқан қоғамнан қалып қоймаудың үлгісін көрсетіп, өміріне оң өзгеріс енгізгісі келетін жандарға бұлақ көзін ашқандай болды. «Жас келсе іске» деп бекер айтылмаса керек. Осындай жасампаз жастарымыздың шалғайдағы ауылға келіп, еңбек етіп, ауылымыздың рухани дамуына өз үлестерін қосып жатқаны жаныңды жадыратып, көңіліңе демеу береді.
Гүлдана КӨРКЕМБАЙ,
С.Мәуленов ат. ЖББМ
бастауыш сынып мұғалімі,
Жангелдин ауданы
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.