Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

Жарқыра, жайна, жас маман

Выпуск - №23 (419)   :   10.06.2020
333

«Бүгінгі күн – келешектің жемісі, ертеңгінің болмысы», – дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңі – білімді ұрпақтың қолында. Алдыңғы толқынның орнын басар, ізін жалғастыратын кейінгі буын – жастар.

Зарина Құсниярова

Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Биыл Көктал орта мектебінде алғаш еңбек жолын бастаған үш жас маманымыз бар. Оларға жеке-жеке тоқталып өтсем: Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша оқуды тәмәмдаған Танатқан Сейтжанов, бастауыш сынып маманы Роза Шамбыл және Қостанай мемлекеттік университетің шет тілдер мамандығының түлегі Зарина Кусниярова.

Таңатқан Сейтжанов

Жас мамандарымыз өз пәнінің шеңберінде ғана емес, жан-жақты болу керектігін сезіне отыра мектептің қоғамдық жұмыстарына, сыныптан тыс іс-шараларға белсенді қатысады. Мысалы: Танатқан Балғабайұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған аудандық челледжге қатысты, сондай-ақ аудандық жалпы білім беру ұйымдары арасында өткен «Қазақта қара сөзге дес бермедім...» атты сайысқа қатысып, «Шығармашыл ұстаз» аталымына ие болды. Зарина Мұратқызы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, аудан деңгейінде өткен «Көңілділер мен тапқырлар» сайысына оқушыларымызды санаулы уақытта сапалы дайындап, 3-орынды жеңіп алды. Роза Алматқызы – бастауыш сынып мұғалімі, қаңтар айының басында Қостанай қаласында физико-математикалық мектеп қабырғасында өткен VIII өңірлік-практикалық конференциясына оқушысы Шолпан Хасенованы қатыстырды.

Роза Алматқызы шәкіртімен

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін аталмыш ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін, арнайы іріктеуден өту шарт. Сол іріктеу кезеңінен сәтті өтіп «Жантақтың емдік қасиеті» атты ғылыми жобасын қорғағаны үшін Роза Алматқызының шәкірті Шолпан «Авторлық ұстанымы бар үшін» аталымына ие болды. Ұстаз мамандығы – қызығы мен қиындығы қатар жүретін киелі қызмет. Үйретері мен үйренері көп жас мамандарымыздың ұстаздық жолына еңбекқорлық пен табандылық тілей отырып, болашақтарыңыз берік, келешектеріңіз кемел болсын деп тілегім келеді.


Нұргүл ИСЛЯМОВА,
Көктал ОМ
директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары,
Әулиекөл ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.