«Айгерим-Ай» балабақшасында жыл сайын «Жас мамандар фестивалін» өткізу дәстүрге айналған. Оған қатысқан жас мамандар жеке өмірлері мен еңбек жолындағы жетістіктерін көрсетеді. Биыл алты жас маман қатысып, өнерлерін ортаға салды.
Сайысқа қатысқан тәрбиешілер А.Бусурманова, Г.Казбекова, К.Шевченко, Р.Коннычева, қазақ тілі маманы А.Жолдыбаева және музыка жетекшісі А.Тлеуова. Жас маман мектебінің жетекшісі Гүлнар Қуандыққызы қатысушыларды сайыс тапсырмаларымен алдын ала таныстырды. Бірінші тапсырма бойынша әр педагог әртістік шеберліктерін көрсету үшін, берілген сұрақ пен жауапты қызықты қылып оқып беруі керек болды. Аталмыш кезеңде барлығы да ең жоғарғы бағаға ие болды. Бұл тапсырманы орындау арқылы педагогтер ұжымда өздерін еркін ұстайтындарын, ортаның өздеріне жақын екенін көрсетті.
Екінші тапсырмада әр педагог презантация арқылы өздерін таныстырып, осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерін көрсете білді. Қазақ тілі маманы мектепте оқып жүрген шағында белсенді болғанын, жақсы оқығанын, отбасы құрып, отбасымен Түркия, Египет, Африка елдеріне саяхат жасағанын және біздің балабақшада жұмыс істеп жүрген 7 ай ішінде жеткен жетістіктерімен бөлісті. Келесі қатысушы Г.Қазбекова болса, алғашқы мамандығы юрист екенін, кейін отбасы құрып, балалары өскенге дейін бала тәрбиесімен айналысып, бертінде балалармен жұмыс істесем деген арманына жету үшін тәрбиеші мамандығын аяқтап, бізге жұмысқа келгенін айтты.
А.Бусурманова көпбалалы отбасынан шыққанын, колледжде оқып жүрген шағында біздің балабақшамызда тәжірибеден өтіп, кейін топ тәрбиешісінің нұсқаулығымен осында қалғанын баяндап берді. К.Шевченко болса, мектепте белсенділігімен танылып, өлеңді жатқа оқудан көптеген сайыс жүлдегері болғанын айтты. Сондай-ақ, колледжді ойдағыдай тәмамдап, біздің балалабақша табалдырығын аттағанан бергі жеткен жетістіктерін көрсетіп өтті. Жас маман Р.Коннычева өзінің өмір жолына тоқталып, балабақшасы, мектебі туралы қызықты естеліктерімен бөлісті. А.Тлеуова да біз білмейтін қызықты мәліметтерін жеткізді. Оның ішінде дирежерлық қабілеті бар екенін, мектепте жұмыс істеген өзіне ұнайтынын, сондықтан да екінші мамандығы – мұғалімдікте оқып жүргенін жеткізді.
Үшінші тапсырмада әр педагог сүйікті ісімен таныстыруы керек болды. Айзирек, Кристина, Анар тәттілер пісіргенді ұнататынын, Гүлден қолөнермен айналысатынын, Роксана балаларға арнап лепбуктар дайындағанды ұнататынын, Айдана би билегенді жаны сүйетінін айтты. Сайыс соңында жас мамандардың жеке өмірімен жақыннан танысып, жан-жақты, өнерлі ғана емес, белсенді өмірлік ұстанымдарын да білдік. Аталған фестивальді жыл сайын өткізу арқылы еңбек жолын енді бастап келе жатқан педагогтердің талпыныстары мен жұмыстарына деген бағыттарын анықтап, жетістіктерімен мақтанатындай жағдай жасап, ұжыммен бір толқында болуға сеп болдық деп есептейміз.
Айгүл БАЙСАХАЛОВА
«Айгерим-Ай» балабақшасының әдіскері,
Қостанай қаласы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.