Жас мамандар мектебі

Выпуск - №45 (542)   :   20.11.2022
675

Рудный қаласындағы №13 жалпы білім беретін мектебінде жас мамандарға кәсіби қолдау көрсету және бағыт беру мақсатында жас мамандар мектебі үшінші жыл қатарынан өз жұмысын қызу атқарып келе жатыр.

Жас мамандар мектебіне Испамбетова Лидия Васильевна және Рақымжанов Исламбек Ғалымжанұлы жетекшілік етеді. Аталмыш мектептің мүшелері тәжірибесі 3 жылға дейінгі мамандар. Оқу жылының басталуымен жұмыс бағдары бойынша жұмыс жоспары жасалып, сол бойынша нәтижелі жұмыс атқарылады. Ал үстіміздегі 2022-2023 оқу жылы жас мамандар үшін ерекше болмақ. Оларға «Үздік жас маман – 2022-2023» байқауының талаптары мен ережелері айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек», – деп атап өткен Владимир Маяковский. Сондықтан жас мамандарға бағдар беруді көздеген бұл жобаның берері мол. Жаңа оқу жылы басталысымен жас мамандарды қолдау, педагогикалық көмек көрсету мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі – «ҚМЖ құрылысы» тақырыбында болды.

Іс-шара барысында жас мамандар қысқа мерзімді сабақ жоспарын тиімді құру, оқу үрдісін дұрыс ұйымдастыру жайында пікір алмасып, тапсырмалар орындады. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа формалары, әдістері мен тәсілдері пысықталып, білім беруде қолданылатын заманауи білім беру технологиялары таныстырылды.


Исламбек РАҚЫМЖАНОВ,
№13 ЖББМ жас мамандар
мектебінің жетекшісі,
Сабина ОСПАНОВА,
мектеп кураторы,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.