Қыркүейектің бірі – Білім күні ғана емес, әрдайым керемет мереке және білімнің, жетістіктердің басталатын уақыты. Әрбір білім ордасында өткізілген дәстүрлі сынып сағаттары біздің мектепте де жалғасын тапты.
Бұл күн бәріміз үшін маңызды: үлкенге де, кішіге де бірдей қымбат. Өйткені, адам өмірінде қандай биіктерге жетсе де, бұл білім мен ғылымның арқасында болса керек. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, цифрлық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар жаңа бунның болашақ табысының кілті саналады. Әр адам өз елін, жерін – Отанын сүйе білу керек. Біздің туған еліміз, Отанымыз – кең байтақ Қазақстан. Отан дегеніміз – туған жеріміз. Қазақта осыған орай айтылған «Отан – отбасыңнан басталады» деген кереметтей мақал бар.
Иә, туған жерсіз адамның күні жоқ. Яғни, барлық адамның туған жері, елі болмақ. Міне, бастауыш сынып арасында Білім күніне арналған сынып сағатының арқауы дәл осы тақырып болды. Мақсатымыз – туған жерін, Отанын сүюге, егемен еліміздің рәміздерін құрметтеуге, туған еліміздің өткен тарихын ұмытпай, еске алып отыруға, елімізді бабаларымыз сияқты қорғай білуге, ата-бабадан дәстүр болып келе жатқан өнеге-салтымызды, ана тілімізді сүйіп, оны сақтай білуге тәрбиелеу.
Интерактивті тақтаға Қазақстанның картасы, рәміздерінің суреттері, қанатты сөздер, шарлар, гүлдер ілінді. Алдымен шәкірттерімді топқа бөліп алдым, әр топқа бөлек тапсырма берілді. Ойын форматындағы тапсырмалардың көмегімен бірінші топ әнұран туралы, екінші топ елтаңба туралы, үшінші топ ту туралы айтып берулері керек болды. Сабақ барысында бейнебаян көру ұсынылды. Бейнебаяннан балалар «Отанымыз қалай аталады?», «Қазақстан Республикасының төл құжаты деп нелерді атауға болады?» және тағы басқұа да маңызды сұрақтарға жауап алды.
Туымызда алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын көрінісіндей болған ұлттық өрнек бейнеленген. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты көгілдір түсті мата. Оған қоса, сабының тұсынан ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Елтаңба – қара шаңырақ – біздің ұлттың алтын бесігі. Қазақтың қасиетті қара шаңырағының бейнесі – еліміздің нышаны.
Осы ақпараттардың барлығы сынып сағатында қамтылды. Осылайша, бастауыш сыныптан бастап жастарды патриотизмге тәрбиелеуде еңбегімізді еселей берейік дегім келеді.
Аманкул КАЛЕНОВА,
Абай атындағы ЖББМ
бастауыш сынып мұғалімі,
Рудный қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.