Үш тілді білеміз, сөйлейміз

Выпуск - №30-31 (527-528)   :   23.08.2022
987

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен үш тілді меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы өтті. Оған тілді біліп қана қоймай, сөйлей білетін 21-35 жас аралығындағы жастар қатысты.

Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін – меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру мақсатындағы байқауға 16 жас қатысты. Облыстық байқау үш кезеңнен тұрды.

Алғашқы «Эссе жазу» кезеңінде қатысушылар тапсырылған тақырып бойынша қазақ тілінде эссе жазулары тиіс болды. Онда берілген тақырыпқа сәйкес кілт сөздер тізімі, сөз тіркестері, тақырыпқа сәйкес мақал-мәтелдер мен сөйлемдерді қолдану міндеттеледі. Екінші кезеңнің талабы бойынша орыс тілінде мәтінге ілеспе аударма жасау керек болды. Ал үшінші кезеңде қатысушылар ұяшықтарды таңдау арқылы экранда ұсынылған суреттер бойынша Қазақстанның көрікті жерлері, сәулет құрылыстары және тарихи тұлғалар туралы ағылшын тілінде қысқаша сипаттама берді.

– Жастар арасындағы облыстық байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Мақсаты – жастар арасында үш тілді жетік меңгерген талантты жастарымызды анықтау. Еңселі ел болғандықтан, заманның талабына сай үш тілді біліп қана қоймай, еркін сөйлей алатын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Сондықтан жастарға өзінің білім деңгейін көрсетуге, ары қарай жетілуіне мүмкіндік беру үшін осындай байқауларды жиі ұйымдастырып отырудың маңызы зор. Аталған байқауға облыс көлемінде әр өңірлерден 16 жас қатысып, бақ сынады. Үш кезең де тартысты өтті. Қатысушылардың әрқайсысы барын салды. Білікті филолог мамандардан құралған әділ қазылар алқасы әділ төрелігін жасады деп есептеймін, – дейді Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бас маманы Әсемгүл Тұрымжанова.

Байқауға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушылары қазылық етті. Олар: қазақ тілінің маманы Тулегенова Шынар Исланбекқызы, орыс тілінің маманы Крупенкина Фатима Александровна және ағылшын тілінің маманы Беркенова Бибигуль Бауржановна. Тіл мамандарының айтуынша, байқауға қатысқан жастар арасында сауаттылық деңгейі көңіл қуантады. Мемлекеттік тілде эссе жазу жағынан да, орыс тілінде, ағылшын тілінде ойын жеткізу барысында да аса бір қиындық байқалмады. Үш тілді білгеннің пайдасы мол. Шетел асып шығамын десе де, жаңа ақпараттарды білемін жесе де үш мәдениеттің есігі ашылады.

Қазылар алқасының шешімімен, көптің ішінде оза шапқандар лайықты марапатын иеленді. Нәтижесінде 3-орынға Әсел Бимурзова, Ә.Жакупова және Мұқағали Исатай ие болса, 2-орынды Нұргүл Нұрымова және Ақбике Борамбаева иеленді. Ал Рудный қаласынан келген Тұрар Қайырбек 1-орынмен қанжығасын майлады. Жеңімпаздың Дипломы қыркүйектің 5-і күні Тілдер күніне орай облыс әкімінің қатысуымен ұйымдастырылатын салтанатты шарада табысталмақ. Қатысушылардың барлығы Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының атынан Алғыс хатпен марапатталса, жүлдегерлер Дипломмен қатар 1-орын иегері 27 мың теңге, 2-орын иегерлері 13 мың 500 теңге, ал 3-орын иегерлері 9 мың теңге ақшалай жүлдеге ие болды.


Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.