Бағалаудың маңызы

Выпуск - №000(000)   :   02.11.2018
631

Оқушылардың білімі мен білім сапасын бағалаудың жаңа әдістерін енгізу өте қиын болып көрінуі мүмкін. Бірақ, бұдан қорқудың мүлдем қажеті жоқ. Қалыптастырушы бағалау үдерісін сабақ барысында тиімді енгізу – бұл дұрыс бағалаудың алғашқы қадамы.

Қалыптастырушы бағалауды қолдану арқылы мұғалім мен білім алушы арасындағы кері байланыс жүзеге асады. Осының нәтижесінде оқушы өзін бақылап, әрекет-тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзыреттіліктерін қалыптастырады.

Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға нақты ұсыныс­тар беруі керек. Қалыптастырушы бағалау – бұл оқытудың бір бөлігі және оқушылар білімінің құрылымына енуі мүмкін. Сіз бұған дейін аталмыш бағалауды жүргізген де болуыңыз мүмкін. Мысалы, оқушыларды бақылау, олардың жетістігі үшін мадақтау, жұмыс­тарын талдау. Мұны мұғалім де, оқушы да жүргізе алады. Шәкірттер тарапынан өзін-өзі және бірін бірі тексеру арқылы жүргізіледі.

Қалыптастырушы бағалаудың бір түрі – өзін-өзі және өзара бағалау. Сапалы өзара бағалау өз жұмысының сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттырады. Математика сабағында қолданылатын критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі сараптаудың критерийлеріне бағытталған екені белгілі. Оқушы бойында 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыру қазіргі уақыттың негізгі талабы.

Бағалау парағына оқу жоспары бойынша білім беру мақсаты анықталып, соған сәйкес бағалау критерийлері құрастырылып отырылады. Осы арқылы оқушының нақты жетістігін анықтау қарастырылады. Әр баланың біліміндегі кемшіліктерінен гөрі, олардың жетістіктерін атап көрсету, нұсқау­ды мәлімдеу арқылы балаға қалай оқу керектігін айқындау, оның үздіксіз және жүйелі жасалуы, оқушының әлеуметтік, әсершіл, танымдық даму процестеріне бағытталып, жан-жақты болып ескерілуі маңызды. Атталмыш әрекеттер арқылы оқушылардың тиімді білім алуына және табысқа жетуіне қолайлы жағдай туады. Бұл жұмыс­тардың барлығы қалыптастырушы бағалау барысында жүзеге асады.

Ақгүл ӘЛІМОВА,
Мичурин ОМ
математика пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.