Биіктерге жетелейтін ізденіс

Выпуск - №39(486)   :   07.10.2021
437

«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатуымен оның мұғалімдігі де жойылады», – дейді Константин Ушинский. Атақты педагог бұл сөздерді бекер айтпаған сияқты.

Мұғалім әрдайым ізденіс үстінде болса ғана дами алады, өзін ғана емес баланы да дамыта алады. Міне, осы сөздерді Рудный қаласының №13 орта мектебінің мұғалімдері ұран етіп ұстанады. Бұл күндері біз, яғни ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сабина Макуовна және география пәнінің мұғалімі Исламбек Ғалымжанұлы, білім жолындағы тынымсыз ізденіске бағытталған қызу жұмыс жүргізіп келеміз. Мекебіміздің 10 «Ә» сынып оқушыларының география пәніне деген қызығушылығы өте жоғары. Облыстық олимпиада жеңімпазы да бар. Ал, ағылшын тілін білу – қазіргі заманның талабы. Сондықтан біздің ойымызға: «Баланың қызығушылығын жоғалтпай, пәнге деген ынтасын арттыра отырып география пәнін ағылшын тілінде неге өткізбеске?» деген ой келді.

Әрине, біздің ойымызды әдістемелік жетекшіміз Лидия Испамбетова қолдай кетті. Оқу жылының алғашқы күндерінен-ақ сабақ эксперименталды форматта ұйымдастырылып жүргізіле бастады. Бірінші күннен бастап балалардың интеграцияланған сабаққа деген қызығушылық деңгейі жоғары болды. Әр сабақ үтір-нүктесіне дейін ойластырылып, ұйымдастырылып, жоспарланып отырды. Бұл арқылы балаға базалық білім беру емес, оның жан-жақты дамуына оң әсерін тигізетін ақпаратпен қаруландыру және тілдік деңгейін көтеруді көздедік. Әзірге армандарымыз асқақ, жоспарларымыз нақты болып отыр. Бұл эсперименталдық жұмыстан оң нәтиже көретінімізге кәміл сенеміз.


Сабина ОСПАНОВА,
№13 ОМ ағылшын
тілі пәнінің мұғалімі,
Исламбек РАҚЫМЖАНОВ,
география пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.