Кәсіби құзыреттілік баспалдағы

Выпуск - №43(540)   :   08.11.2022
754

Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен тәрбие құралы – кітап. Ал адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар орта – кітапхана.

Әлем елдері әдебиет арқылы бір-бірімен рухани байланыс жасауда. Бірақ бүгінгі ақпараттанған, техниканың қарқынды дамыған заманында өркениетті елдерде халықтың кітап оқуға деген ынта-ықыласты арттырудың түрлі амалдары жасалуда. Біздің колледжде де қыркүйек айынан бастап «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Колледжде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінде тіл дамыту теориясы мен балалар әдебиеті пәнінен дәріс беремін. Алдыма келген студенттерімізбен балалар әдебиетінен Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Әуезов, Б.Соқпақбаев, С.Көбеевтың және басқа да танымал авторлардың шығармаларын оқып, талдаймыз.

Өздеріңізге мәлім, біздің колледж болашақ педагог мамандарды даярлайды. Алдымызға келген әр студенттің сөйлеу мәнері дұрыс және сөздік қоры бай болуына аса мән береміз. Жоспар бойынша кез келген шығарманы әуелі мәнерлеп оқимыз. Түсініп оқып, мәніне жеткен студент қана ойын еркін жеткізе алады. Сондықтан берілген уақытта әр студентке көңіл бөліп, дұрыс оқуын талап етіп отырамын. Осылайша кез келген шығарманы оқып, үлгі бойынша талдап, тәрбиелік мәнін ашуға тырысамыз. Бұл – менің міндетім.

Үстіміздегі оқу жылының «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы бойынша қазір барлық топ студенттерінің кітап оқуына көңіл бөліп жүрмін. Сол себепті балалар әдебиетіне келгенде 15-20 минут қалдырып, әр студенттің қандай кітап оқығандығы жайлы сұрап, қадағалап отырамын. Биыл кітапханамыз ана тілімізде жазылған көптеген оқулықтармен, көркем шығармалармен толықты. Бұл өзгеріс педагогтер мен студенттер қауымын қуантқаны анық. Бүгінде Т-11 тобының студенттерімен М.Әуезовтың «Абай жолы» романының 1-томын оқуды бастадық. Бірінші курс тобында барлығы – 25 студент. Оларға кітап оқуды бір жетіге жүктедім. Қажет уақытты былайша жоспарладым: кітапта 374 бет болса, оны 25 студентке бөліп бердім. Сонда әр студентке 14-16 беттен келеді және олармен бірге 15 бетті өзіме де бөліп алдым. Осылайша бір жеті өткен соң, «Абай жолы» романының мазмұнын бірге айтып шықтық.

Топтағы студенттердің бәрі де ойымнан шықты деп айта алмаймын, дегенмен шығарманың мазмұнын айтқанда көп студенттердің кітапқа деген құштарлықтары әлі мықты екенін, оқуға деген сезімдерінің жоғалмағанын көріп, бір қуанып қалдым. Әсіресе Аружан Қуандық, Сабина Құрманғалиева, Сабина Досаева, Назира Қайыржан, Аина Нұрғазиева, Диана Шаймердинова ойларын шеберлікпен жеткізе білді. Мазмұнын айта алмаған студенттердің орнына өзіме айтуға тура келді. Ал ана тіліне шорқақ, мамұнын түсінсе де айта алмаған студенттерге тағы 2-3 күн уақыт бердім. Осылайша кітапты толығымен тәмададық. Енді «Абай жолының» 2-томын оқытуды жоспарлап отырмын.

Бұл жолы роман мазмұнын айтуға қиналған 5-6 студентке жеңіл кітаптар беремін деп шештім. Студенттердің кітапқа деген қызығушылықтарын оятып, осындай жолмен ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеймін. Болашақ педагогтердің кітап оқуға құштарлығын дамытсам, келешекте тәрбиесі мен білімі толысқан, ел тізгінін мықты ұстайтын тұлға қалыптасарына сенімдімін.


Багиткуль РАХПАНОВА,
Қостанай педагогикалық
колледжінің оқытушысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.