Кәсіби өсу мен инновациялық әдістер

Выпуск - №43(691)   :   21.11.2025
473

1

Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік серіктестіктердің қатысумен «Дипломнан жұмысқа» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбие педагогтерінің мансаптық перспективаларына арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Біз, №16 бөбекжайдың тәрбиешілері Маншук Куандыковна, Жанар Муратовна және қазақ тілі мұғалімі Раушан Аскаровна, осы аталған іс-шараға қатысып, «Әңгіме текшелері» шебер-сыныбын көрсетіп, мектепке дейінгі балаларда адамгершілік пен әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыру жолдарын таныстырдық. Іс-шара мектепке дейінгі білім беру педагогінің кәсіби қызметінің мәнін ашуға, мансаптық өсу мен өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталды. Сонымен қатар жұмыс берушілердің үміттерін және заманауи балабақшаның талаптарын белгілеу, студенттерді саналы кәсіби дамуға ынталандыру да негізгі міндеттердің бірі болды.

2


Мектепке дейінгі жастағы бала бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру құралы саналатын «Әңгіме текшелері» әдісіне тоқталып өтер болсақ, ол әрбір балаға қолжетімді болғанымен қатар мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеуін дамытуға ғана емес, коммуникативтік, танымдық және зерттеу белсенділігін қалыптастыруға да ықпал ететін жұмыстың тиімді және қызықты әдістері мен формаларын іздеу жолында құрастырылған. Жұмыс қарапайымдылығына қарамастан, балаларға кең мүмкіндіктер ұсынады.
Балалар текшелерді лақтырып, түскен суреттерге сөйлем немесе әңгіме құрастыра отырып, сөйлеуді, шығармашылықты, ойлау және қиял қабілеттерін дамытады. Текшелерді жасау кезінде икемді және қауіпсіз киіз материалдар қолданылады, ал ойынды балалардың жас ерекшелігіне бейімдеу арқылы мұғалімдер оқу процесін қызықты әрі тиімді ете алады. Әрине, ойын – баланың тәуелсіз әрекеті. Мұғалім тек қызығушылық тудырып, баланы бағыттаушы рөлін ғана атқарады: ұсыныстар мен сұрақтар арқылы жанама түрде қатысады. Шығармашылық ойындарда баланың сөйлеуі өте белсенді дамиды, сондықтан бұл инновациялық технология әрбір балаға бағытталған оқытуды құруға мүмкіндік береді деген ойдамыз.
Осылайша, мансаптық перспективаларды талқылаған аталмыш дөңгелек үстел мектепке дейінгі педагогтердің кәсіби деңгейін көтеруге, инновациялық әдістерді меңгеруге және балалардың жан-жақты дамуына қосымша үлес қосатын маңызды іс-шараға айналды.

Маншук БАЙСАЛБАЕВА,
Жанар ЖУСУПОВА,
№16 бөбекжайдың
тәрбиешілері,
Раушан ИМАНКУЛОВА,
қазақ тілі мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.