Білім беру саласында жаңа технологиялар кеңінен қолданылып келеді. Әсіресе, көркем еңбек сабақтарында заманауи техниканы пайдалану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді.
Бұл дәстүрлі әдіс-тәсілдерді толықтырумен ғана шектелмей, өнерге деген жаңа көзқарасты қалыптастырады. Әсіресе, қыздардың көркем еңбек сабақтарында заманауи технологияларды қолдануы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді.
Қыздарға арналған көркем еңбек сабақтарында тоқыма, сән дизайны, кестелеу, құрақ тігу сияқты дәстүрлі өнер түрлері әрдайым маңызды. Дегенмен, қазіргі технологиялар бұл салаларға жаңа серпін беріп, оқушылардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оны замануи трендтерге сәйкестендіруге көмектеседі. Яғни, жаңа технологиялар күрделі өрнектер мен әсем дизайнды автоматы түрде жасап, оқушыларға шығармашылық қабілеттерін дамытудың кең мүмкіндігін береді. Сондай-ақ, 3D-модельдеу бағдарламалары қыз балаларға өздерінің сәндік бұйымдарын виртуалы түрде жасауға ықпал етеді.
Арнайы бағдарламалар арқылы дайын үлгілерді әзірлеп, оларды сандық тігін машиналарының көмегімен жүзеге асыруға болады. Бұл оқушыларға дәстүрлі қолөнерді заманауи стильде ұсынуға жол ашады. Оған қоса, сәндік-қолданбалы өнерде лазерлік кесу, термотаспа арқылы өрнек салу және сәндік бұйымдарды жасауда 3D-принтерлерді пайдалану кеңінен таралып келеді. Бұл әдістер қыздарға өзіндік стиль қалыптастыруға және эксклюзивті бұйымдар жасауға мүмкіндік береді.
Мен де сабақтарымда жаңа технологияларды қолданып, оқу процесін барынша түрлендіріп өткізуге тырысамын. Шәкірттерімнің заманауи техникаларды меңгеруі олардың шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуына ықпал ететініне сенімдімін. Сондықтан, көркем еңбек сабақтарында технологияларды тиімді пайдалану – болашақ өнерпаздар мен дизайнерлерді даярлаудың маңызды бөлігі.
Ой-пікірімді қорытындылар болсам, заманауи техника көркем еңбек пәнін одан әрі қызықты, креативті және нәтижелі етуде маңызды рөл атқарады. Бұл технологиялар арқылы оқушылар өз қабілеттерін дамытып, жаңа өнер түрлерін меңгеріп, болашаққа сенімді қадам жасайды.
Асель НУРЖАКУПОВА,
№1 Заречный жалпы
білім беретін мектебінің
көркем еңбек мұғалімі,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.