Мектеп өміріндегі тәрбие жұмысы – елеулі іс

Выпуск - №31-32 (427-428)   :   25.08.2020
210

Жас ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде, қай елде, қай ұлтта болмасын үлкен мән беріліп келеді. Өйткені бала – біздің болашағымыз. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесі керек.

Бір нәрсені жақсы түсініп алу керек: нашар бала болмайды. Адам бау-бақшаны баптап, күтіп, суарса ғана жемісін алады емес пе? Сол сияқты баланың теріс қылықтарын үнемі қадағалап, түзету – қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен мектептегі ұстаздарының міндеті. Өмір шындығына жүгінсек, тәрбие бастауы, оның қайнар көзі ананың сүтінен нәр алып өскен ортасына тікелей байланысты. «Тәрбие басы – тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!», «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген қазақтың мағыналы сөздерінде үлкен астар бар сияқты. Алайда, жұмысымызда байқап жүргеніміздей, ата-аналарымыздың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында, түсініктерінде елеулі қателіктер көрініс беріп жатқандығын байқаймыз. Мәселен: «Баламды киіммен, тамақпен қамтамасыз етем, чғни физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырамын, ал білім мен тәрбие беру – мектептің ісі», – деп теріс түсіктегі ата-аналар кездесетіндігі жасырынемес. Бала тәрбиесін мектептің мойнына жүктеп қоймай, ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдар – барлығы бірлесе отырып жұмыс істесе, бұл ұстаздар үшін де, ата-аналар үшін де тиімді әрі оң нәтижесін берері хақ.



Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде балаларды қоғамның лайықты ізбасары етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін мектепте оқу, тәрбие жұмыстарын көбейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып отыруымыз қажет. Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие жұмысының түрлері, өткізу іс-шаралары үнемі өзгеріп, жаңарып, дамып отыр. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын мектеп болғандықтан, бұрынғыдан да зор жауапкершілік жүктелуде. Әр шәкірт мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасыдан немесе қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке мекеме болған емес. Себебі аталғандардың әрқайсысы бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, көпшілікпен біте қайнасқан. Осы тұрғыдан алғанда мектеп – бала мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жеке адамның дамуына және қалыптасуында әр түрлі факторлардың үйлестіріп, біріктірудің орталығы десе де болғандай. Мұнда тәрбиенің сан алуан түрлері жүзеге асырылады.



Оқушының мектептегі тәрбиесі мен үйдегі тәрбиесі – бөлінбейтін біртұтас үрдіс. Осы орайда білім ошағы Рудный қаласындағы №21 мектеп-гимназиясында атқарылып жатқан бала тәрбиесі мен ата-аналар қарым-қатынасы жайлы сөз қозғағымыз келіп отыр. Біздің гимназияда ата-аналармен жұмыс – белгілі бір жүйесі бар, дәстүрге айналған құбылыс. Дегенмен оқушылармен мектепте оңай жұмыс істеп, олармен еркін аралассақ та, ата-аналармен қарым-қатынас жасау қиындау екені бұрыннан белгілі. Тіпті кейбір ата-аналар балаларын мектепке сеніммен тапсырып, «қалай болса да сіздер тәрбиелеп шығыңыздар» деген ниетпен «мен бұл баламмен ештеңе істей алмаймын», «сіздер сөйлесіңіздерші» деген аянышты жағдайларын айтып, жалт бұрылып кетіп отырады. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Осы кезде біздің гимназияның әкімшілігі, оқу ісінің меңгерушісі ретінде Туркова Ирина Александровна сынып жетекшілеріне көмек ретінде шығармашылық сынып жиналысын өткізуге ұсыныс жасады. Ұсыныс жасап қана қоймай, жүйелі түрде жоба және идея құрылды.

Біздің ойымызша, оқушы мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, ата-аналармен қарым-қатынасты бірден ортату керек. Сондықтан тағылымы мол шығармашылық ата-аналар жиналысының тәрбиеге қосар үлесі, берер мәні мен мағынасы зор. Бір жағынан педагог ретінде ата-аналарға көмек бере аламыз. Кез келген жанұяда әр түрлі жағдай орын алуы мүмкін. Кейбір ата-аналар балаларымен түсінісе алмай қалып жатады. Сондай жағдайда біздің шығармашылық ата-аналар жиналысы кез келген жағдайды шешуге көмектесе алады.



Әрине, мұғалім үшін әрбір ата-анамен сөйлесу оңай емес. Сондықтан мұғалім шығармашыл тұлға ретінде ата-аналардың әрқайсысына жол табы біліп, олармен пікірлесіп, бала тәрбиесі жайында ой бөлісудің қыр-сырын біліп алып, соған орай арнайы тәсілдерді қолдана бастайды. Сол үшін шығармашылық ата-аналар жиналысының өткізілу формалары мен тақырыптарын таңдап алудың маңызы өте зор. Ата-ана мұғалімнен және сынып жетекшісінен нені қалайды? Осы сұраққа тоқталып өтейік.

– Біріншіден, ата-ана қолдауды қажет етеді. Өйткені бір ата-ана баласы үшін бәрін жасаса, екінші ата-ана бұл тұста қиыншылықты сезінеді.
– Екіншіден, ата-ана үшін мұғалім қарама-қайшылықтағы адам болуы мүмкін. Өйткені бір жағынан мұғалімге бала қандай болса да бәрібір сияқты көрінуі мүмкін, алайда педагог ретінде ол баланың жағдайын ойлайды.
– Үшіншіден, ата-ана үшін олардың балаларының жағдайы жақсы екеніне көздері жету керек. (Өйткені ата-аналардың психологқа қоятын басты сұрағының бірі – «Менің баламда бәрі жақсы ма?»)
Төртіншіден, ата-ана мұғалімнен анық көмек және ұсыныстар қажет етеді. Ал енді өзімізге сұрақ қояйық: «Мұғалім мен ата-ананың өзара қарым-қатынасы кімге байланысты?» Сол үшін шығармашылық жиналыстардың гимназияда өткізілуіне құжаттар идесы ұсынылды.
Аталмыш бастама әлеуметтік-педагогиканың білімі арқылы тәрбие берудегі ашық жүйенің құрылуы, ата-аналар мен педагогтердің арасындағы тәрбие беру белсенділігін арттыру мақсатын көздейді. Осы тұста ата-аналардың мектепке қолдау көрсетудегі қарама-қайшылығы мәселесінің туындауы ықтимал. Дегенен негізгі көздегеніміз – гимназия мен ата-аналар қоғамдастығының тиімді іс-әрекетке жетуге ұмтылыс жоғары. Ол үшін мұғалімдер мен ата-аналарға және оқушыларға тиімді жағдай жасау қажет.

Ата-аналармен жұмыс жасаудың кеңінен таралған формалары – ата-аналар жиналысы, конференциялар, ата-аналар комитеті, жеке әңгімелесулер, кеңестер болып табылады. Осы жұмыс түрлері ата-аналар мен оқушыларға да бұрыннан белгілі. Енді, осы тұста, жаңадан енгізіліп жатқан ата-аналармен оқушылар арасындағы қарым-қатынас формасына тоқталғымыз келіп отыр. Осы тұста ата-аналар жиналысын өткізудегі тиімді дәлелдерге де тоқталған жөн. Олар: ата-аналардың мазмұнды білім үрдісіне деген қызығушылықтың оянуы; олардың тарапынан пікір-таластың туындауы; ата-аналар өздері сұрақтарға жауап беруі; өз тәжірибелерінен мысал көрсетуі; тәрбиешілермен және ұстаздармен жеке байланыс жасауға талпынуы; тәрбие беру әдістерін дұрыс қолдануы; педагогикалық жағдайлар туындағанда белсенді түрле талқылап, шешімін табуы.
Ата-аналар жиналысы тек қарым-қатынасты көтеру мақсатында емес, я болмаса біріктіру емес, ең басты әр түрлі ұйымдастыру сұрақтарын қарастырады. Ата-аналар жиналысы дегеніміз – ең біріншіден, ата-аналарды теория және тәжірибе көмегімен үйрету. Ата-аналарды түрлі жағдаяттарды шешуге кірістіруіміз қажет. Дәстүрлі емес ата-аналар жиналысына: ата-аналар кездесуі, ата-аналар тренингі, рингі, ата-аналар кеші, ата-аналар оқуы, шығармашылық лабороториялар, оқыту семинарлары, ата-аналар беделін көтеру, жиналыс-аукциондары, ток-шоу, шеберлік сыныптар, шағын жоба жиналыстары, семинар-тәжірибе және тағы басқа.

Гимназиямыздың шығармашыл сынып жетекшілері бұл жобамен жұмыс жасап келеді. Және нәтижесі де жаман емес. Мақтанышпен айтылатын гимназиямыздың сынып жетекшілернің есімдері: О.В. Майер, О.В. Колодий, А.И. Қабылдина, К.А. Сарбасова, Р.Н. Нарымбаева, Л.В. Сионович, т. б. Бұл ұстаздардың шығармашылық ата-аналар жиналысына таңдап алған тақырыптары да ерекше. Мысалы: «5 сынып оқушыларының қалыптасуы», «Біз әртүрліміз, бірақ әрқашан біргеміз», «Келіп қалған Жаңа жыл», «Бақытты жанұя» сынды тақырыптар. Сондай-ақ бұл жиналыстардың өткізілу формалары да әр түрлі. Барлық шығармашылық жиналыстарды жоғарғы деңгейде өтеді. Өйткені әр жыл сайын шығармашыл ұстаздарға бала тәрбиесіне деген талаптар мен жауапкершіліктер артуда.

Міндеттер  Күтілетін нәтижелер  Дәлелдер
Сынып жетекшілері мен ата-аналар арасындағы мектеп өміріндегі шығармашылық атмосфераның қалыптасуы;

 Ата-аналардың мектеп үрдісінде сапалы серіктес болуы;

Ата-аналардың шағымының азаюы; 

Ата-аналар жиналысы туралы мәліметтер, бағдарламалар, фото, видео
Ата-аналардың желілік қоғамдастық жұмысын белсенді болуы; 

«Ата-ана дауысын» мектеп бей-жәй қалдырмайды;

Ата-аналардың 50 пайызы өз бетімен мектеп порталына жақсы пікір қалдыра алады;  

Күнделік порталындағы кері байланыс
Ұжымдық шешім қабылдау жұмысы, бала тәрбиесіне бірдей талап қою, оқушының дамуына ата-ана мен педагогтың бірігіп жұмыс атқаруы; 

Ата-аналармен мұғалімдердің оқыту бойынша және тәрбие жөнінде ұсыныстардың жинақталу;


Біріккен жұмыстың қорытындысы;    

Ұсыныстар жинағы

Маржан ТАЖИНА,
№21 мектеп-гимназия
қазақ тілі пәнінің мұғалімі,
Ирина ТУРКОВА,
оқу ісінің меңгерушісі,
Рудный қаласы

  
  
   
   

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.