Оқу мақсаттарынан критерийді ажырату

Выпуск - №45(340)   :   19.11.2018
427

Қазіргі кезде жаңартылған бағдарлама қабылданып, қолданысқа енген күннен бастап, әр пән бойынша мұғалімдерді осы бағдарламалық оқу курсынан өткізу, дайындау жұмыстары толығымен аяқталып болғандай. Осы курста тура 1 ай оқып, біліктілігімді арттырдым.

Десек те, 4 апта ішінде оқу мақсаттарын ұғыну, олардан критерийлерді ажырату, одан дескрипторларды анықтау өзекті мәселеге айналып, қиындық келтіргені рас. Оның себептерін анықтау керек болды. Кейін бұл мәселеден шығудың жолын ойластыра бастадым.

Бастапқыда Блум таксономиясының оқу мақсаттарына және оны оқушылардың дағды деңгейлері категориясы бойынша қандай да бір қатысы бар екенін түсінбедім. Алғашқыда жаңартылған қысқа мерзімді жоспарларымды жазып жүрген кезде оқушылардың дағды деңгейлері бойынша категорияларында сабақтағы оқу мақсатының «Не істеу керек? Не істейді?» деген сұрақтарына дұрыс жауап бермей жүріппін. Уақыт өте келе іздене бастап, тәжірибемді аудандық, облыстық және республикалық тіл мамандары қауымдастығында бөлісе отырып, өзімнің қателігімді, кемшілігімді анықтай келе, қай жерде қандай қате жібергенімді түсіне бастадым.

Барлық оқушылардың берілген мақсатқа қол жеткізулері қиын екендігін, ал оқушылардың көпшілігі мен кейбіріне берілген мақсат орындау және қол жеткізу деңгейі ортадан жоғары және жоғары екендігін ұғындым. Қазақ тілінде мақсаттың өзі тыңдалым/айтылым, оқылым, жазылым және әдеби тіл нормалары деген төрт категорияға бөлінетінін де ескеру абзал. Әр жағының өзінде сыныптан сыныпқа жоғарылаған сайын Блум таксономиясы бойынша жеңілден ауырға қарай қағидасымен күрделеніп отыратынын да байқадым. Оқылым, жазылым және әдеби тіл нормалары бойынша да осындай жеңілден ауырға қарай тәртібімен күрделене түседі.

Мақсаттан критерийге шығу үшін оқушыларды да нақты тірек сөздерді анықтауды үйретіп қоюға да болады. Сонда сабақ басында мұғалім мақсатты айтады, ал оқушылар тірек сөздерді анықтау арқылы және де «не істеу керек?» деген сұраққа жауап іздеу арқылы сыни тұрғыдан оқу сабағының критерийін ажыратып береді. Ал, ол критерий бойынша «Не істеу керек? Не істей алады?» деген бөлшектерге бөлу арқылы, дескрипторларын анықтауды да тез үйреніп алады. Ең алғашқы және оңай түрі қарапайым мысалдармен түсіндіруге болады. Тіл сабақтарында да осындай әдіспен критерий мен дескрипторды басында түсіндіріп алса, оқу мен оқыту үрдісі бойында оқушыларға жұмысты орындау барысында жеңіл болады.

Оқу мақсатынан критерийді ажырату және одан дескрипторды анықтаудың тиімді тұстары: сабақ нәтижеге бағытталған болады; сабақ барысында барлық тапырмалар оқушыға бағытталады; сыни ойлау мен сараланған тапсырмалар бірден ескеріледі; әр бала, оқушы өзін қажетті деңгейде еркін сезінеді, себебі өзіне қажетті қолжетімді мақсатты біледі; инклюзивті, яғни жаппай оқыту жүзеге асырылады; әр тапсырмаға кері байланыс беруге жеңілдік туындайды; дескрипторларға жауап беру арқылы өзіне де баға беру жеңіл болады; десрипторлармен тексергеннің өзінде де обьективті түрде бағалау нәтижелі болмақ, әсіресе, жиынтық тапсырмаларда ұпайын ғана жазбай, кемшілігін дескриптор арқылы жазса, балаға келесі қадам жасауға да ынтасы өшпейді; келесі қадам жасауға нақты себепші аспект бола біледі.

Осы мақаламда қазіргі таңда жиі айтылып жүрген оқу мақсатын, критерийді анықтау, одан дескрипторды ажыратудың оңтайлы тәсілдерін мысалмен көрсете білдім деп ойлаймын. Осы мақалам облыстық деңгейдегі әріптестерімнің игілігіне жарап жатса, қуаныштымын. 

Әсемгүл АБУТАЛИПОВА, 
№28 Құсмұрын ОМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
әдістемелік бірлестік жетекшісі,
Әулиекөл ауданы

Реклама

Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!