Цифрлық заманда ақпарат ағыны өте жылдам ауысуда. Осынау сындарлы кезеңде өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген шынайы ынтасын ояту, оқыған материалын терең түсіну және оны күнделікті өмірде тиімді қолдана білу дағдысын қалыптастырудың маңызы зор.
Осы мақсатта №24 мектеп-гимназияда бірінші сыныптан бастап «Мәтіндер әлемінде» атты арнайы вариативтік курс бағдарламасы сәтті енгізіліп, өзінің жемісін бере бастады. Бұл курс оқушылардың ана тілінде жүйелі әрі дұрыс сөйлеуін қамтамасыз етіп, сөйлемдерді сауатты құрастыруға баулу және шығармашылық жұмыстар арқылы танымдық көкжиегін кеңейтуді көздейді. Бағдарлама дәстүрлі әдебиеттік оқу мен қазақ тілі сабақтарында білім алушылардың стандартты ойлау шеңберінен шығуына ықпал етіп, олардың функционалдық сауаттылығын халықаралық PIRLS және PISA зерттеулерінің жоғары талаптарына сай дамытуды көздейді.
Инновациялық сабақ барысында тек классикалық көркем шығармалар (ертегілер, мысалдар, әңгімелер) ғана қарастырылып қоймайды, өмірде жиі кездесетін практикалық тапсырмалар да орындалады. Атап айтқанда, балалар мәтінді өз ойымен толықтыру, оқиға желісін жалғастыру, мәтіндегі қате немесе бұрмаланған деректерді анықтап, еркін тақырыптарға шағын мәтіндер құрастыру секілді күрделі шығармашылық жұмыстармен айналысады. Осы аталған жұмыстар барысында диаграммалар, кестелер, инфографикалар мен түрлі нұсқаулықтардағы тұтас емес ақпаратты сауатты оқуды, оларды жан-жақты талдап, өзара салыстыруды терең меңгеруде.
«Жарнама агенттігі», «Мен редактормын», «Жас репортер» сияқты танымдық тақырыптар аясында оқушылар дайын мәтінді оқып қана қоймай, қиялындағы жарнама мәтіндерді әзірлеп, шағын мақалалар жазу және сұхбат алу тапсырмаларын тікелей өмірмен байланыстыра отырып, шығармашылық әлеуетін жоғары деңгейде көрсете білді.
Жаңашыл сабақтардың нәтижесі туралы мектебіміздің 3-сыныпқа көшкен оқушысы Айлана Байкенова әсерімен былай деп бөлісті: «Бұл сабақтар біз үшін өте ерекше әрі қызықты, себебі біз әртүрлі тапсырмаларды орындаймыз. Шағын мәтіндер мен ертегілер құрастыру барысында кестені пайдаланып, мәтін ішіндегі жасырын ақпараттарды табуды үйрендік. Өзім де шағын ертегі жаздым. Қазір маған кез келген күрделі мәтінді оқып, түсіну жеңіл».
Расында да, 2024-2025 оқу жылынан бастап жаңартылған әдістемелік нұсқаулар негізінде жүргізіліп жатқан курстың бүгінгі нәтижесі көңіл қуантады. Бағдарлама аясында оқушылардың сөздік қоры, сыни ойлау қабілеттері мен талдау дағдылары артты. Сабақ барысында балалар бағдарлама талаптарына сай «Менің шығармашылық шеберханам», «Менің жобам» танымдық жобаларын сәтті қорғап, шығармашылық әлеуетін көрсетті.
Ботагөз ДУНЕНБАЕВА,
№24 мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі
Қостанай қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.