Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт

Выпуск - №41(488)   :   23.10.2021
389

Баланың өмірі мен денсаулығына бірінші кезекте ата-анасы жауапты екені белгілі. Сондай-ақ күнделікті керек-жарағы, оның болашағы үшін капитал, т.б. маңызды да жауапты міндеттер ата-ананың жауапкершілігінде.

Әрине, отбасымен саяхаттап, түрлі балаларға арналған ойын-сауық орталықтарына баратын отбасылар да бар. Ал «отбасылық оқу» деген ұғымның маңызды екендігіне қарамастан, біз күйбең тіршіліктен, болмашы сылтаулардан арылар емеспіз. Бұл мақаланы жазу мақсатым да сол, ата-анасы мен баласы – отбасы болып бірге оқу дәстүрін жандандырсақ, ата-аналар телефонның бетін сипалаудың орнына кітаптың беттерін парақтаса деген ниет. Осылайша ата-ана мен бала арасындағы жоғалып бара жатқан қарым-қатынастың жолын тіктеуге мүмкіндік алар едік. Отбасындағы түсінбеушіліктің орын алатын себебі де үйдегі қарым-қатынастың жоғалуының салдары десек болады.

Отбасы мүшелерінің бір-бірін тыңдамайтын, естімейтін, сыйламайтын жағдайлар жиілеп барады. Ал артынан аты жаман оқиғалар шығып келеді. Барлығының оңай алдын алуға болатын жолдары бола тұра, оны неге қолданбасқа!? Сыйластық, ынтымақтастық, бауырмалшылық бірліктен келіп шықпай ма? Осы орайда «Отбасылық оқу сізге және балаңызға не береді?» деген сұрақты өзімізге қойып, жауап іздеп көрейікші. Балаңызды мәжбүрлемей және байқатпай, оның кітап оқуға деген қызығушылығын оятуыңызға болады. Ал балалар көп жағдайда үлкендердің айтқанын емес, істеген істерін есте сақтайтындығын ескерсек, кітап оқып отырған, кейін оны түсіндіріп айтқан ата-анасына қарап, балалары да үлгі алуы тиіс.

Ал енді бұл істің тиімді жақтарына тоқталайық. Мәселен, балаңызға кітапты қалай дұрыс оқу керектігін көрсету арқылы балаңыздың алдында үлгілі ата-ана боласыз. Оқылған мәтіннің маңызды бөлігіне қатысты сұрақ қоя отырып, балаңыздың түсінуін жеңілдетесіз. Түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіре келе, оның сөйлеу мәнерін дамытып, ой-өрісін кеңейтесіз. Балаға оқылған кітаптың оқиға желісін дұрыс түсінуіне бағдар бересіз. Мәтіндегі әрбір ұсақ-түйекке көңіл бөлуге, себеп-салдарын іздеп, байланысын табуға ықпал етесіз. Кітапты оқу және оны талқылау барысында баланың қызығушылықтарын және арман-тілегін білетін боласыз. Ең бастысы, баламен жақын тіл табысып, араларыңызда достық байланыс күшейеді, ал балаңыздың оқу техникасы дамып қана қоймай, оқуға деген ынтасы артатынын да айта кеткен жөн.

Аталған артықшылықтардың барлығы баланың үлкендермен бірге кітап оқуының арқасында келетіндігін естен шығармайық. Осылайша күніне бар болғаны 20-30 минутты отбасылық оқуға арнап, қоғамдағы отбасылық түсінбеушіліктер мен шиеленістердің алдын алуға ықпал етуге мүмкіндік бар. Мамандығым – кітапханашы болғандықтан, кітапты қалай оқу керектігі жөніндегі басты кеңестерді ұсынбақпын.

Ата-ана, балаңызбен бірге:
1. Жаңа кітаппен танысар алдында оның мұқабасына қараңыздар, авторының фамилиясын, кітаптың атын оқыңыздар.
2. Кітапты парақтай отырып, иллюстрацияларын мұқият қарап шығыңыздар.
3. Кітапты беттері, тараулары бойынша ретімен оқыңыздар.
4. Мәтін оқудан бұрын бөлмені желдетіп, үстел үстінен назар аудартатын артық-ауыс заттарды алып тастаңыз.
5. Дауыстап дұрыс оқыңыз, әр буынға, әр сөзге назар аударып отырыңыз.
6. Күніне баламен бірге 15-20 минуттан дауыстап оқыңыз.
7. Кітаптағы таныс емес сөздердің мәнін балаңызға түсіндіріңіз.
8. Баладан кітап несімен ұнағанын, одан қандай жаңа нәрселерді білгенін сұраңыз.
9. Баладан басты кейіпкер туралы, болған оқиғалар туралы сұраңыз.
10. Балаға кітаптың ең қызықты жерін бейнелейтін сурет салу немесе жаттап алуды ұсынамын.

Ата-анаға кеңес:
1. Балаңызға жиі дауыстап оқыңыз. Есіңізде болсын, мектеп жасынадағы балалар үшін кітап оқу – бұл ата-аналармен қарым-қатынас болып табылады. Баламен бірге кітапты кезектесіп оқыңыздар. Үй шаруасымен қолыңыз бос болмаса балаңыздан кітап оқып беруін сұраңыз.
2. Балаңызға кітап сыйлаңыз. Кітапты қастерлеп ұстауға үйретіңіз.
3. Жеке кітапханаңызға балаға мазмұны түсінікті және қызықты, жасына сай кітаптар таңдаңыз. Қолда бар кітаптарды оқып болмайынша жаңа кітап алуға асықпаңыз.
4. Теледидар, компьютер және кітап үшеуінің біреуін таңдау керек болса, міндетті түрде кітапты таңдаңыз.
5. Кітапты оқи отырып ойынға ұластырыңыз. Баламен бірігіп ертегі құрастырыңыз, мазмұнына қарай суретті кітапша жасаңыз.
6. Егер балаңызды кітап оқуы әлі де дұрыс болмай тұрса сіз уайымдамаңыз. Оқыған уақытта әрбір кезең сайын баланы мақтап отырыңыз.
7. Баланың оқу деңгейін оның құрдастарының жетістіктерімен салыстырмаңыз. Оның жеке қабілеті мен мүмкіндігіне қарай үйретіңіз.
8. Балаңызға үлгі көрсетіп, өзіңіз оқыңыз. Себебі балаңызға басты үлгі сіз боласыз.


Арай ЕЛМҰРАТОВА,
Дм.Карбышев атындағы
№14 ЖББМ кітапханашысы,
Рудный қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.