Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданғалы бері қоғам алдында мұғалімнің абыройы да, жауапкершілігі де арта түсті. Қазіргі мұғалім моделі де бұрынғыға қарағанда өзгерді, бүгінде одан жан-жақтылық талап етіледі.
Әр мұғалім өз сабағын өткізбес бұрын, сабақ жоспарын құруда сыныпта оқитын оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруі тиіс. Мұғалім өз сабағын жоспарлап, парктикалық тұрғыдан өткізген кезде оның барлық элементтері жүзеге аспағандығын сабақты өткізіп болған соң бірден байқайды. Бұның басты себебі – біз бір сабақта барлығын, ең жақсысын, ең тиімдісін қолданғымыз келеді, дей тұрғанымен оның барлығын бір сабаққа кіріктіру мүмкін емес, ол циклдік тұрғыда біртіндеп жүзеге асырылуы қажет.
Қазіргі жаңартылған білім беру мазмұнының талаптары бойынша сабақ үш кезеңнен тұрады: сабақтың басы, сабақтың ортасы және сабақтың соңы. Мұғалім қысқа мерзімді жоспарда оқу бағдарламаларының мақсаттарын сыныптағы оқушылардың потенциалын ескере отырып, оны сабақтың мақсатына айналдырады. Ал сабақтың мақсаты оқушылар оған жете алатындай, оқу бағдарламасына сай болуы шарт. Қазіргі жаңа сабақтар «SMART» мақсаттар бойынша құрылады. Ол қойылған мақсат нақты (Specific), өлшене білетін (Measurable), әрекетке негiзделген (Action oriented), қолжетiмдi (Realistic) және уақытпен шектеулi (Time bound) болуы тиiс деген қағидалардан тұрады және олар бірнеше тақырыптарда көрініс табуы мүмкін.
Кез келген пәннің оқу бағдарламасы «шиыршықтық» қағидасы бойынша құрылады. Бұл дегеніміз, мысалы, 10-сыныпта бүгінгі сабақтың тақырыбы «Кешенді географиялық аудандастыру» болса, 11-сыныпта ол «Дүниежүзін аймақтарға аудандастырудың принциптері мен сызбалары» деген атаумен қайта қарастырылып, бірақ мақсатының тереңдетілуімен ерекшеленеді, міне осыны «шиыршықтық» қағидасы дейміз. Сабақ жоспарында тақырыптың мақсатына сай бағалау критерийлері беріледі, ал сабақ жоспарындағы жаттығуларда оған сүйене отырып дескрипторлар құрастырылады.
Бұрынғы дәстүрлі сабақтардағы деңгейлеп оқытуды біз жақсы білеміз, ал жаңартылған білім беру бағдарламасында бұны «дифференсация» деген ұғыммен ауыстырдық. Қарапайым тілмен айтқанда бұл саралап оқыту дегенді білдіреді. Біз оқушының қабілеттерін сыныптастарының алдында бөле жармай, оны сабақта жаттығуларды орындату кезінде тапсырмаларды ойлау дағдыларының деңгейлеріне сай саралаймыз, сол кезде әр оқушы оны өзінің қабілетінің деңгейге дейін жетіп тоқтайды. Міне осы кезде мұғалім оқушының қандай деңгейде екенін бірден анықтайды, осылайша саралау үрдісі «бақылаушылардың» көзіне бірден көрінеді.
Кез келген сабақ «Блум таксономиясының» ойлау дағдыларына сүйеніп құрылады. Бірақ біз оның барлық элементтерін бір сабақта қолдана ала алмаймыз, Біріншіден, ол сабақатың мақсатына, мазмұнына, көлеміне, сабақтың типіне байланысты. Мысал үшін, сабақтың типі қорытынды болса, біз жоғары сыныптарда осы сабаққа «білу», «түсіну» дағдыларын көп жағдайда қолдана алмаймыз. Себебі қорытындылау сабағында оқушылардың «талдау», «синтез», «бағалау» сынды дағдыларын дамыту керекпіз. Қорытындылау сабағында білім алушылар алған білімдерін талдап, оны зерттеп, оған болжам жасайды, мәселелер туындаса оны шешудің жолын ұсынады, міне бұл ойлаудың жоғары деңгей дағдыларына сәйкес келеді.
Сөздің шыны керек, практикада байқап отырғанымдай, мұғалімдер әлі де болса жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстардан өтсе де, бұрынғы бағалау жүйесінен арыла алмай келеді. Бұл мәселені шешу үшін, критерийлік бағалау жүйесі бойынша «Сапалы сабақты қалай жоспарлауға болады?» деген тақырыпта көбірек өзара тәжірибе алмасуымыз қажет. Себебі курста оқыған теориялық білім – бір бөлек дүние, ал практикада оны жүзеге асыру – мүлде бөлек дүние. Көптеген мұғалімдердің қиналатын тұсы да осы деп ойлаймын. Түсінікті болуы үшін біз әр сөздің төркінін біліп, оларға анықтама беру қажетпіз. Оқу бағдарламасы, оқу мақсаттары, ойлау дағдыларының деңгейлері, дифференциация, бағалау критерийі, дескриптор, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс, рефлексия ұғымдарын сабақ жоспарларын құруда оны басшылыққа алуымыз керек. Берілген ұғымдарды интерпретациялау арқылы, жаңашыл сабақтың сызбасын көруге болады (суретте).
Әр пән мұғалімдерінің басты айырмашылығы және нақты ұқсастығы болады. Басты айырмашылығы – оның пәндік спецификациясында, ал барлық мұғалімдердің басты ұқсастығы – оның оқыту әдіснамасында. Егер де педагогтің оқыту әдіснамасы мықты болса ол кез келген сабақты талдай алады, тіпті химия пәнінің мұғалімі болса да, қазақ тілі сабағына қатысу арқылы қандай деңгейде екенін, оның сапасын, әдіснамалық тұрғыда қалай құрылғандығына баға бере алады. Ол үшін біз жаңартылған білім беру мазмұыны бойынша өткен курстардағы бірыңғай оқыту әдіснамасын жүйелі және тұрақты түрде практикада қолдануымыз керек. Сонда ғана бір-бірімізді түсінеміз, көмек бере аламыз және алға қойған мақсаттарға жетеміз.
Саят ЕСЕМБЕК,
Мичурин ОМ директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары,
география пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.